Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
17.11Бұл күні:
2005
1 қараша 2018 жыл

«Жаңа дәуірдің мектебі: жаңа көзқарас. Нақты қадамдар»


imageable_title_kz imageable_title_kz imageable_title_kz imageable_title_kz

Астанада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының он жылдығына арналған «Жаңа дәуірдің мектебі» атты Х халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Биылғы дәстүрлі басқосу әлемнің түкпір-түкпірінен келген 20-дан астам мемлекеттің екі мыңға жуық өкілінің басын қосып, рекордты жиындар қатарына кірді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен облыстық әкімдіктер арасындағы меморандумдар аясында өткен конференцияға Қазақстанның өңірлерінен білім  беру саласының 700 маманы келді.

Ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пен Назарбаев Университетенің президенті Шигео Катсу және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы Күләш Шәмшидинова қатысты. 

–  Біздің жыл сайын өткізетін халықаралық  конференциямыз мемлекетіміздің және алыс-жақын шет елдерден келген білім беру жүйесінің өкілдері үшін тәжірибе алмасу алаңына айналды. Бұл конференция – мерейтойлық және Зияткерлік мектептердің он жылдығына арналады, – деді Күләш Шәмшидинова.

Жиында дәстүрге сай, әлемге танымал сарапшылар мен ғалымдар баяндама жасады. Басты баяндамашылардың қатарында Кембридж университетінің білім беру факультетінің деканы Сьюзан Робертсон, Лондон университеті білім беру колледжінің құрметті профессоры, «қарымды  білім» теориясының авторы Майкл Янг, Гонконг университетінің білім беру саясаты департаментінің директоры Кай-Минг Ченг, EduCluster Finland сыртқы байланыстар және инновация жөніндегі директор Дэвид Марш, Массачусетс технологиялық институтының профессоры Томас Хсу және басқа да білім беру саласындағы әлемге әйгілі ғалымдар мен топ-менеджерлер болды. Көкшетау, Семей, Қарағанды, Тараз, БҚО орта мектеп мұғалімдерінің баяндамалары жұртшылықтың қызығушылығын туғызды.  

Халықаралық гуманистік педагогика орталығының президенті, жазушы Паата Амонашвилидің, елімізге танымал журналист Гүлнар Бажкенованың, екітілді және үштілді бағдарламалар саласындағы халықаралық ғылыми кеңесші Питер Мехистоның, методологиялық оқыту және білім алмасу саласының маманы Дэвид Марштың қатысуымен өткен автограф-сессия конференциядағы маңызды шаралардың бірі болды.

Биылғы жылдың ерекшеліктерінің бірі – «Оқушы дауысы» жобасы алғаш рет тәрбиеленушілердің қатысуымен өтті. Қазақстандағы халықаралық бакалавриат мектебінің жұмысы таныстырылып, алғаш рет  инклюзивті білім беру бойынша секция ұйымдастырылды.

Конференция барысында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Францияның Қазақстандағы елшілігі мен Bilimkana жекеменшік мектептер желісі (Қырғызстан), және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Бүгінде астаналық конференция дүниежізілік және отандық білім беру саласының өзекті мәселелеріне арналған ғылым әлеміндегі беделді жиындардың біріне айналды.

Басқа жаңалықтар Бүгін Сенбі, 17 қараша

9 шілде 2018 жыл «Нұрсұлтан шыңы 2018» Альпиниадасы
5 маусым 2018 жыл «Бейбітшілік және мейірімділік симфониясы»
2 мамыр 2018 жыл Кембридж университетінде «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің күндері» өтті