Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
25.07Бұл күні:
2005
20 ақпан 2017 жыл

«Ұлы дала мұрагерлері» (Наследники Великой степи) атты шығармашылық есеп беру кеші


imageable_title_kz imageable_title_kz imageable_title_kz imageable_title_kz imageable_title_kz imageable_title_kz imageable_title_kz

«Астана» орталық концерт залында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің әлеуметтік жобалары аясындағы «Ұлы дала мұрагерлері» (Наследники Великой степи) атты шығармашылық есеп беру кеші өтті.

Шара Астана қаласының мұғалімдеріне «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын сіңіруге арналған «Зияткерлік мектеп оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу» тақырыбында тәжірибе трансляциялау семинарынан басталды. Арнайы ұйымдастырылған ғылыми жобалар көрмесінде Зияткерлік мектептің ең креативті жобалары көрсетілді. Павлодар қаласынан А. Макашева «Өсімдік майынан тазалау үшін модифицияланған табиғи балшықты қолдануды» көрсетсе, Талдықорғанннан келген Б.Талғат «Жер жанындағы орбитадан космостық қоқысты жинауға арналған роботталған орбиталық жүйесін», ал, Петропавлдан Н.Тұрғымбаева «Жел электрогенераторын автоматты түрде реттеуге арналған механизмін» таныстырды. Сондай-ақ, цифрлық Қазақстанның іс жүзіндегі жобаларын көрсететін ІТ-стенд Ақтөбеден келген А.Бағланованың «Мұнайдың көлемінің сыйымдылығын есептеуге» арналған мобильді қосымшасын, Қостанайдан келген А. Әділбектің «Электронды-есептеуші кешен «SmartLife» ақпараттық ресурстарды автоматты түрде басқару жүйесін», Тараздан келген С. Еламанның «Дрон-ракеталы старт және симметриялы конструкциялы ракетотаратқышын» және т.б жұмыстар арналды. Ал «Қара жорға» биін билеген роботтар көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды.  

Театрландырылған көрініс барысында оқушылар «Туған елге тағзым», «Жүз күйдің тарихы», «Екі апта ауылда», «Қазақтың 100 әні» секілді әлеуметтік жобаларды таныстырды.  Оқушылар «Ауыл көрінісі» хореографиялық қойылымын қойып, Ақан серінің «Балқадишасын», Құрманғазы мен Динаның күйлерін орындап, жетіген, сазсырнай, қобызда ойнады. 

Басқа жаңалықтар Бүгін Сейсенбі, 25 шілде

10 шілде 2017 жыл Роботтар және орнықты даму уақыты
31 наурыз 2017 жыл Наурыз және ғылымның шекарасыз сырлары
31 наурыз 2017 жыл Жеделдетілген технологиялық жаңғыру – Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуының алғышарты