Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
17.06Бұл күні:
2005
9 қараша 2016 жыл

Сеул қаласында жұртшылыққа Қазақстан Президенті туралы корей тіліндегі кітап таныстырылды


imageable_title_kz imageable_title_kz imageable_title_kz imageable_title_kz

Мемлекет басшысының Корея Республикасына мемлекеттік сапары қарсаңында – 2016 жылғы 9 қарашада Сеул қаласында М.Қасымбековтің корей тілінде жарық көрген «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабының тұсаукесері өтті. Кітапта Президенттің ауыл баласынан ұлт көшбасшысына айналғанға дейінгі өмір жолы суреттелген.

Бұл кітап бүгінге дейін жеті тілде жарық көрген. Басылым мұрағат материалдары  негізінде әзірленіп, онда фотосуреттермен қатар жеке құжаттар көшірмелері де ұсынылған.

Автор көп жылдар бойы Мемлекет басшысымен бірге жұмыс істеп, президенттік институтын зерттеумен кәсіби түрде айналысып келеді.

Корея жұртшылығына кітап 50 мыңнан астам студент білім алатын елдің көне оқу ордасының бірі Ёнсе университетінде таныстырылды. Бұл оқу орны – елдің ең үздік үш университетінің бірі.

Бүгінде Корея жастары арасында Қазақстанға деген қызығушылық артып қана қоймай, қазақ тілін үйреніп жатқандар да көбейіп келеді.

Жоба авторлары кітап көпшілік оқырманның қызығушылығын тудырады деп санайды.

Басқа жаңалықтар Бүгін Дүйсенбі, 17 маусым

20 желтоқсан 2018 жыл Президенттің батасын алған Ақназар Гарвард университетінің грантына ие болды
1 қараша 2018 жыл «Жаңа дәуірдің мектебі: жаңа көзқарас. Нақты қадамдар»
9 шілде 2018 жыл «Нұрсұлтан шыңы 2018» Альпиниадасы