Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
23.11Бұл күні:
2005
10 шілде 2017 жыл

Роботтар және орнықты даму уақыты


imageable_title_kz imageable_title_kz imageable_title_kz imageable_title_kz

Астана қаласы «ЭКСПО» көрмесінің Конгресс-орталығында «World Robot Olympiad» атты робототехникадан республикалық жарыс аяқталды.

Жаңа технологияны қолданысқа қарқынды түрде енгізу әлемдік еңбек нарығын тұтастай өзгертті. Болжамға сәйкес жақын болашақта жаңа дәуірдің кәсібилері пайда болып, олар нақты және жаратылыс ғылымдарының қосындысы арқасында интеграциялық шынайылықта жұмыс жасайтын болады. Сондықтан да әлемде жалпы цифрлі технологияға, оның ішінде робототехникаға деген сұраныс жылдан жылға артып келеді.

Ұлттық чемпионат – робототехника бойынша WRO халықаралық кезеңінің іріктеу бөлімі. 2014 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «World Robot Olympiad» жарысының Қазақстанда ұлттық үйлестірушісі болып саналады және осы шараны Зияткерлік мектептерде жыл сайын өткізіп отырады.

Республикалық сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен үш жүзден астам мектеп оқушылары қатысты. Жарыс «Негізгі», «Шығармашылық» және «Робот футболы» санаттары бойынша өткізіледі. 2017 жылдың бас тақырыбы «ЭКСПО» көрмесімен үндес – «Орнықты даму» деп аталады.

Ұлттық чемпионаттың ашылуында жас дарындарды Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы К.Шәмшидинова және «LEGO Education» компаниясының ТМД бойынша өкілі Ю.Вирич құттықтады.

– Біз барлық мектептерде цифрлық технологияларға деген қызығушылықты оятудамыз, ұлттық чемпионаттың қатысушылары бүгіннің өзінде цифрлық Қазақстанның негізін қалап үлгерді, – деп атап өтті іс-шараның ашылу салтанатында Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев.

300 қатысушының 200-ден астам делегаты Зияткерлік мектептерде оқиды. Алматы қаласынан 30 оқушы қатысып, ең көп делегацияны құрады.

– Мен олимпиада қатысушыларын сәтті келешек күтіп тұрғанына сенемін. Өйткені, олар бүгіннің өзінде сыни тұрғыдан ойланып, цифрлық технологияларға үлкен қызығушылық танытып отыр. Бұл нағыз ғалымдарға тән қасиет, – деп атап өтті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы К.Шәмшидинова.

Жеңімпаздар құрметті қонақтардың, атап айтқанда «Назарбаев Университеті» ДББҰ-ның президенті және кеңесшісі Ш.Катсу мен Деннис де Трейдің, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ш.Қирабаеваның, «Kazdidac» қауымдастығының басқарма төрағасының орынбасары Т.Ғаниевтің және чемпионат серіктесі – «Marwin» компаниясының өкілі А.Полушкинаның қолынан кубоктар және сыйлықтар алды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы К.Шәмшидинова ауыл мектептеріне қолдау көрсету мақсатымен Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Мектептен тыс ұжым орталығынан келген – М.Өтепбергенге және Н.Лемякинге, сонымен қатар қыздар командаларына қолдау мақсатымен Орал қаласы Зияткерлік мектебінің оқушылары – А.Асанғалиеваға және Д.Алмановаға арнаулы сыйлықтар тапсырды.

Креативті жобасы үшін Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің оқушылары А.Кәрімғали мен Д.Бекжан, яғни «Fluffy Puppies» тобы «Lego Education» компаниясынан сыйлық алды.

Орал қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ерекше әрі шынайы әсер қалдырды. Олар барлығы бес жүлделі орынның төртеуін жеңіп алды. Сонымен бірге «Mad and Dana» атты қыздар тобы ғана жеңіске жете алды.

Жарыс жеңімпаздары арасынан 2017 жылғы 10-12 қарашада Коста-Рикада өтетін WRO-2017 халықаралық олимпиадасына бару үшін ұлттық топ құрылатын болады.

Басқа жаңалықтар Бүгін Бейсенбі, 23 қараша

24 тамыз 2017 жыл Елбасы кітапханасында «Абай оқулары» атты әдебиет сайысы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті
31 наурыз 2017 жыл Наурыз және ғылымның шекарасыз сырлары
31 наурыз 2017 жыл Жеделдетілген технологиялық жаңғыру – Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуының алғышарты