Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
01.05Бұл күні:
2015
31 наурыз 2017 жыл

Наурыз және ғылымның шекарасыз сырлары


imageable_title_kz imageable_title_kz imageable_title_kz imageable_title_kz

Назарбаев зияткерлік мектептерінде «Ғылымның шекарасыз сырлары» атты жетінші Наурыз кездесулері аяқталды.

Алғаш рет бұл ауқымды іс-шара Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде өтті. Биыл дәстүрлі Наурыз кездесулері Қазақстан үшін маңызды жоба – Астанадағы халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналды.

Республикадағы жиырма Назарбаев зияткерлік мектебінің барлығының оқушылары өздерінің инновациялық бұйымдары мен үздік жобаларын көрсетті. Жас зерттеушілердің таңдаған ғылыми тақырыбы әр қилылығымен ерекшеленді. Олар – робот құрастыру, мобильді қосымшалар, ракеталы дрондар, медициналық препараттар, жаңа парфюмдер жасау, биотехнология, медицина, инженерия, мұнай химиясы, физика, география салаларындағы үздік зерттеу жобалары, сондай-ақ академиялық жұмыстар. Жас ғалымдар өз жұмыстарының көбін жасыл технологиялар мен энергияның баламалы көздерін дамытуға, экономиканың экологиялық аспектілеріне арнаған. Ең үздік жұмыстардың Астанадағы «ЭКСПО» көрмесіне қойылуы жоспарланып отыр. Маңызды цифрлық технологиялар Қазақстанның ұлттық ерекшелігіне бейімделгенін ерекше атап өткен жөн. «Smart Yurta», «Ақылды тақия» және басқалар сияқты жұмыстар кездесуге қатысушылардың зор қызығушылығын тудырды. Мектеп оқушыларының мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған әлеуметтік жобалары әлемдік деңгейдегі сыншылардың жоғары бағасына ие болды.

Басқа жаңалықтар Бүгін Дүйсенбі, 01 мамыр

31 наурыз 2017 жыл Жеделдетілген технологиялық жаңғыру – Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуының алғышарты
20 ақпан 2017 жыл «Ұлы дала мұрагерлері» (Наследники Великой степи) атты шығармашылық есеп беру кеші
14 қаңтар 2017 жыл Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты ашылғанына 23 жыл толды