Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
22.05Бұл күні:
2005
2 мамыр 2018 жыл

Кембридж университетінде «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің күндері» өтті


imageable_title_kz imageable_title_kz imageable_title_kz

Ұлыбританияда Қазақстанның білім беру жүйесі үшін елеулі оқиға саналатын «Кембридж университетіндегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің күндері» аяқталды. Халықаралық форум Зияткерлік мектептерінің стратегиялық серіктесі – Кембридж университетінің бастамасымен өткізілді.

Әлемдегі беделді оқу орындарының бірі саналатын Кембридж университеті қабырғасында тұңғыш рет қазақстандық инновациялық мектептердің тәжірибесі көрсетілді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымынының Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың «Time for Change: 10 years of Nazarbayev Intellectual schools» – «Өзгеріс уақыты: Назарбаев Зияткерлік мектептеріне 10 жыл» тақырыбында оқыған дәрісі білім саласындағы беделді ғалымдар мен сарапшылардың, британдық педагогика факультетінің және жоғары оқу орындары өкілдерінің, сондай-ақ дипломаттар мен журналистердің, докторанттар мен студенттердің қызығушылығын тудырды.

Кембридж университеті жанындағы Халықаралық бағалау және білім беру Кеңесінің (CAIE) Халықаралық білім беру директоры Тристан Стоби Зияткерлік мектептерінің құрылуы білім беру саласындағы зор жетістіктердің бірі екенін атап өтті.

«Назарбаев Университеті» ДББҰ Президенті, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Шигео Катсу және Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Ыдырысов қазір Зияткерлік мектептері ұлттық білім беру жүйесінің басты драйвері болып саналатынын айтты. Кембридж университеті Білім факультетінің деканы Джефф Хейуорд факультеттің Зияткерлік мектептерімен ынтымақтастық орнатып, бірлескен жобаны жүзеге асырып жатқаны туралы өз мақтанышын білдірді. Қазақстандағы инновациялық мектептермен жасалған осы серіктестік педагогика саласындағы жаһандық ынтымақтастықтың жарқын мысалы болып табылады.

Басқа жаңалықтар Бүгін Сейсенбі, 22 мамыр

21 наурыз 2018 жыл Болашақ Астанадағы Наурыз кездесулері
23 ақпан 2018 жыл «Қазақстан және БҰҰ: ынтымақтастыққа ширек ғасыр»
24 тамыз 2017 жыл Елбасы кітапханасында «Абай оқулары» атты әдебиет сайысы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті