Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
17.12Бұл күні:
2007
23 ақпан 2018 жыл

«Қазақстан және БҰҰ: ынтымақтастыққа ширек ғасыр»


imageable_title_kz imageable_title_kz

2018 жылғы 22-23 ақпанда Алматы қаласындағы Халықаралық «Мирас» мектебінде жыл сайынғы халықаралық «MISMUN-2018» БҰҰ моделі» конференциясы он екінші рет өтті. Бұл конференция Қазақстан Республикасы мен Біріккен Ұлттар Ұйымы ынтымақтастығының 25 жылдығына және «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» қоғамдық қорының 20 жылдығына арналған.

Ашылу салтанатына БҰҰ-ның Қазақстандағы қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі Властимил Самек, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілеттілігінің басшысы Бөлтіріков Руслан Искандерұлы, UNESCO және Бельгия, Мысыр, Үндістан, Ресей, АҚШ елшіліктерінің өкілдері қатысты.

Конференцияға Қазақстан мен Ресейдің: Астана, Мәскеу, Санкт-Петербург, Қарағанды, Семей, Орал, Алматы қалаларының орта мектептерінен келген 200-ден астам оқушы қатысты.

MISMUN-2018 конференциясы – қазіргі кездегі өзекті проблемалар жөнінде оқушыларға арналған дискуссия алаңы.

Конференцияға қатысушылар заманауи жаһандық мәселелерге жастардың назарын аудара отырып, халықаралық құқық пен қауіпсіздік, сондай-ақ мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік даму салалары бойынша білімдерін кеңейтеді.

Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті.

Басқа жаңалықтар Бүгін Дүйсенбі, 17 желтоқсан

1 қараша 2018 жыл «Жаңа дәуірдің мектебі: жаңа көзқарас. Нақты қадамдар»
9 шілде 2018 жыл «Нұрсұлтан шыңы 2018» Альпиниадасы
5 маусым 2018 жыл «Бейбітшілік және мейірімділік симфониясы»