Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
25.05Бұл күні:
2005
3 шілде 2015 жыл

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейінің «Қазақстан жолы» көрмесі ашылды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көрме «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық серіктестік жобасы аясында «Исаакиев соборы» мемлекеттік ескерткіш-музейімен арадағы меморандум негізінде ұйымдастырылып отыр.

Бірегей деректер мен фотосуреттердің жиынтығы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейі қорындағы жәдігерліктер топтамасы Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының өзекті оқиғалары желісін көрсетуге мүмкіндік береді. Экспозиция «Болашақты бедерлеу», «Тәуелсіздіктен жаһандануға дейін», «Ақиқатқа айналған арман», «Бейбітшілік пен келісім аумағы», «Тұлғаның қырлары» атты бес бөлімнен құралған.

Көрме материалдары сондай-ақ Мемлекет басшысының қызметіне, оның мемлекеттілікті қалыптастыру мен дамытуға, Қазақстан Республикасының егемендігін нығайтуға қосқан үлесін көрсетуге арналады. 

 

 

Басқа жаңалықтар Бүгін Сенбі, 25 мамыр

20 желтоқсан 2018 жыл Президенттің батасын алған Ақназар Гарвард университетінің грантына ие болды
1 қараша 2018 жыл «Жаңа дәуірдің мектебі: жаңа көзқарас. Нақты қадамдар»
9 шілде 2018 жыл «Нұрсұлтан шыңы 2018» Альпиниадасы