Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
25.05Бұл күні:
2005
22 қараша 2016 жыл

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейіндегі көрме


imageable_title_kz

2016 жылы 24 қарашада сағат 17.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасының жалғасы болып табылатын «Тарихи таңдау. Стратегиялар» тақырыптық қор көрмесінің ашылуы өтеді.

Көрменің негізгі мақсаты – мұрағаттық және музейлік материалдар негізінде Тәуелсіздік идеясын және оның мемлекеттік егемендік жағдайындағы жүзеге асуын жүйелі түрде ашып көрсету.

Экспозиция Қазақстанның жаңа елордасын жариялаған орын ретінде Астана тарихына енген Күмбезді залда орналасқан. Көрме келесідей негізгі бөлімдерден тұрады: «Тәуелсіздік жаршылары», «Тарихи таңдау», «Табыс стратегиясы» және «Болашақ энергиясы».

Көрмеге газеттер, қолжазбалар, ресми құжаттар, фотоматериалдар тәрізді түрлі дереккөздерді біріктіруге мүмкіндік берген жаңа экспозициялық шешімдер, сондай-ақ ел тәуелсіздігінің тарихын деректі хроникалар кадрларымен толықтырылған кең көлемді ақпараттық ресурстар қолданылды.

Осының барлығы соңғы өткен оқиғалар мен қазіргі Қазақстан туралы объективті пікірді қалыптастыруға, сондай-ақ тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасын құрудағы Н.Назарбаевтың тарихи рөлін ашып көрсетуге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар Бүгін Бейсенбі, 25 мамыр

31 наурыз 2017 жыл Наурыз және ғылымның шекарасыз сырлары
31 наурыз 2017 жыл Жеделдетілген технологиялық жаңғыру – Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуының алғышарты
20 ақпан 2017 жыл «Ұлы дала мұрагерлері» (Наследники Великой степи) атты шығармашылық есеп беру кеші