Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
25.07Бұл күні:
2005
14 қаңтар 2017 жыл

Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты ашылғанына 23 жыл толды


imageable_title_kz imageable_title_kz imageable_title_kz imageable_title_kz imageable_title_kz imageable_title_kz imageable_title_kz

Мемлекет басшысының жарлығымен 1994 жылы 14 қаңтарда Жаңа тарихтың орталық мемлекеттік мұрағаты базасында Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты құрылды.

Бүгінде мұрағат Қазақстан Президентінің, оның Әкімшілігінің және Мемлекет басшысына тікелей бағынысты және есеп беретін басқа да мемлекеттік органдар қызметін ақпараттық-мұрағаттық тұрғыдан қамтамасыз ету саласындағы негізгі міндеттерді атқаратын заманауи, техникалық тұрғыдан жабдықталған кешеннен тұрады.

Мұрағат 1974 жылғы типтік жоба бойынша салынған ғимаратта орналасқан. Онда жалпы ұзындығы 29 мың метрге жуықтайтын тұрақты және мобильді стеллаждармен жабдықталған 8 мұрағат қоймасы бар.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 1 145 мұрағаттық қорда 1918 – 2013 жылдардағы 789 мыңнан астам құжат тіркеулі.

Мұрағатта Қазақстан Президенті актілерінің, оның халықаралық конгрестерде, форумдарда және кездесулерде сөйлеген сөздерінің түпнұсқалары сақталады.

Мұрағат құрылған кезден бастап оның электрондық нұсқасын түзу жөніндегі жоба табысты іске асырылды: 2016 жылы 22 мың құжаттар бірлігі сандық жүйеге көшірілді, сандық жүйеге көшірілген құжаттардың жалпы саны 40 мыңдай болады.

Осы жылдары Ресей, Украина, Армения, Өзбекстан, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия, Жапония, Франция, Италия, Польша және Румыния елдерінен 5,3 мыңнан астам зерттеуші оқу залында жұмыс жүргізді. Оларды өткен ғасырдың 20-30-жылдарында болған оқиғалар, тың игерудің әлеуметтік проблемалары, экономиканың, ауыл шаруашылығының, мәдениеттің дамуы, ГУЛАГ туралы тарихи деректер және басқа да көптеген тақырыптар қызықтырған. Мұрағат мемлекеттік органдар мен азаматтардың тақырыптық және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 5,5 мыңнан астам өтінішін орындады.

Мұрағаттың шет мемлекеттердің мұрағат саласындағы мекемелерімен және Халықаралық Мұрағат кеңесімен өзара байланысы дамып келеді. 2016 жылы Кореяның Ұлттық мұрағатымен және Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетімен ынтымақтастық туралы келісімшарт жасалды.

Президенттің мұрағаты осы жылдары Қазақстанның саяси тарихы жөніндегі құжаттардың ірі қоймасына айналып қана қоймай, тарих саласындағы білімдерді кеңінен насихаттайтын орталықтың бірі ретінде еліміздің басқа да мұрағаттары, мұражайлары және ғылыми мекемелері арасында өзінің маңызды орнын иеленді.

Басқа жаңалықтар Бүгін Сейсенбі, 25 шілде

10 шілде 2017 жыл Роботтар және орнықты даму уақыты
31 наурыз 2017 жыл Наурыз және ғылымның шекарасыз сырлары
31 наурыз 2017 жыл Жеделдетілген технологиялық жаңғыру – Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуының алғышарты