Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
26.09Бұл күні:
2005
29 қараша 2016 жыл

Елбасының кітапханасында тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған көрмелер ашылды


imageable_title_kz

2016 жылғы 28 қарашада Елбасының кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік шаралар салтанатты түрде ашылды.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова және Қазақстан Республикасы Президенті кеңсесінің бастығы Махмұт Қасымбеков, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

«Елбасы жолы» көрмесіне 50-ден астам бірегей мұрағат құжаттары ұсынылған. Олар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл бастамаларынан және тәуелсіз еліміздің даму тарихынан сыр шертеді.

«Тәуелсіз Қазақстан – тұғырлы ел» көрмесі ширек ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуының, әлем таныған мәртебелі мемлекет ретінде қалыптасуының, еңселі елорданы гүлдендірудің кезеңдерімен таныстырады.

«Әлем қадірлеген Елбасы» көрмесінде көпшілік назарына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген шет мемлекеттердің  жоғары наградалары ұсынылған.

«Н.Ә. Назарбаев – Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» көрмесінде мазмұнды топтама 4 бөлімнен тұрады: «Елбасы және Тәуелсіздік», «Ел және Елбасы», «Әлемдік тұлға», «Елбасы еңбектері әлем тілдерінде».

«Елбасына естелікке қолтаңба» кітап көрмесіне 160 кітап ұсынылған. Құнды тарихи маңызды жинақтарды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа таяу және алыс шетел мемлекеттерінің басшылары, танымал қоғамдық және саяси қайраткерлер сыйға тартқан.

«Егемен елдің тәуелсіздік шежіресі» кітап көрмесіне еліміздің өткенінен және бүгінінен сыр шертетін 110 туынды ұсынылған. Экспозиция тұғырлы тәуелсіздіктің басты құндылықтарымен және игіліктерімен таныстырады: ел бірлігі, төл мәдениетіміз бен туған тіліміз, индустриялық-инновациялық экономика, Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамы, Астана, жаһандық жауапкершілік пен барша адамзаттық бастамалар.

Елбасы кітапханасында мейрам күндеріне орай бұқаралық мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылады: кинокөрсетілімдер, шеберлік сыныптары, әдеби және музыкалық кештер.

28 қарашадан бастап қала тұрғындары мен меймандарына «Көшбасшылық факторы», «Парламентаризм эволюциясы», «Бітімгершілік әрекеттердің жол картасы», «Президенттік биліктің формуласы» деректі фильмдері паш етіледі.

Елбасының кітапханасындағы мерекелік шаралар жыл соңына дейін жалғасын табады.

Басқа жаңалықтар Бүгін Сейсенбі, 26 қыркүйек

24 тамыз 2017 жыл Елбасы кітапханасында «Абай оқулары» атты әдебиет сайысы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті
10 шілде 2017 жыл Роботтар және орнықты даму уақыты
31 наурыз 2017 жыл Наурыз және ғылымның шекарасыз сырлары