Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
26.09Бұл күні:
2005
24 тамыз 2017 жыл

Елбасы кітапханасында «Абай оқулары» атты әдебиет сайысы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті


imageable_title_kz imageable_title_kz imageable_title_kz imageable_title_kz

Биылғы 23 тамызда Елбасы кітапханасында жыл сайын әлеуметтік желілерде өткізілетін «Абай оқулары» атты әдебиет сайысы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды. Сайыс ұлтымыздың ұлы ақыны, композитор, ағартушы, дана ойшыл және қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушысы және тұңғыш классигіміз Абай Құнанбайұлының туған күніне орай өткізілді. Жоба мақсаты – Мемлекет басшысының жаһандық бастамаларының бірі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ақпараттық-имидждік тұрғыдан қолдау және жастар арасында Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасын дәріптеу, өскелең ұрпақтың кітап оқу мәдениеті мен әдеби талғамын қалыптастыру.

Сондай-ақ, марапаттау рәсіміне Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы, танымал абайтанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Алмахан Мұхаметқалиқызы және «EXPO&WOMEN» халықаралық ұйымының атқарушы директоры Ләззат Асқарова қатысты.

Әдеби конкурстың қорытындысы бойынша І орынды Алматы облысы Қаскелең қаласы «Аяжан Қарасай» медициналық колледжінің түлегі Салтанат Өтебай, ІІ орынды Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің 2 курс студенті Рауан Әбдуәли иеленді.

ІІІ орынды Солтүстік Қазақстан облысы Ақбұлақ ауылы Чехов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Виктория Вьюшкина мен Алматы облысы Үшқоңыр ауылындағы мектеп-гимназияның 8 сынып оқушысы Бағила Ниетоллаева бөлісті.

Ноттингем университетінің (Ұлыбритания) 2 курс студенті Жанбота Дүйсебаева «Абай мұрасын әлемдік кеңістікте дәріптеу» номинациясының жеңімпазы болып танылды. Ынталандыру сыйлығы Алматы облысы Жамбыл ауданы Қайназар ауылы орта мектебінің оқушысы Әсел Дариябаеваға берілсе, оның сіңлісі, сол мектептің оқушысы Аружан Дариябаева «Ең жас қатысушы» номинациясымен марапатталды.

Басқа жаңалықтар Бүгін Сейсенбі, 26 қыркүйек

10 шілде 2017 жыл Роботтар және орнықты даму уақыты
31 наурыз 2017 жыл Наурыз және ғылымның шекарасыз сырлары
31 наурыз 2017 жыл Жеделдетілген технологиялық жаңғыру – Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуының алғышарты