Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
23.07Бұл күні:
2007
21 наурыз 2018 жыл

Болашақ Астанадағы Наурыз кездесулері


imageable_title_kz imageable_title_kz imageable_title_kz

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Болашақтың қаласы: елорда сәулеті» атты Наурыз кездесулері өтті.

Оқушылар үшін ғылыми алаңға айналған Наурыз кездесулеріне республика бойынша зияткерлік және жалпы білім беру мектептерінен жиналған 200-ден астам оқушы қатысты.

Наурыз форумының басты оқиғаларының бірі – белгілі қазақстандық және шетелдік архитекторлардың қатысуымен өткен «Астана геометриясы» атты дәріс және тәжірибелік сабақтары. Іс-шараға Италияның профессоры, «Sergio Ferrandi Bureau» бас сәулетшісі Серджио Ферранди, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Сәулет және құрылыс институтының директоры Болат Құспанғалиев, ҚазБСҚА-ның ректоры Ерік Бесімбаев, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Хазірет Сұлтан» мешіті мен «Триумфальдық арка» жобаларының авторы Сағындық Жамболатов, «Астана-Жұлдызы» стелласы мен «Бәйтерек» монументінің авторы Саматбек Бүкебаев және тағы басқа азаматтар қатысты. 

Оқушылар елорданың сәулетіне арналған өзекті бағыттар бойынша 90 жоба көрсетті. Ақылды және қауіпсіз қала, Астананың 2050 жылғы  футуроүлгісі, ЭКСПО-ның мұрасы ретінде елордадағы жасыл энергия және экологиялық таза технологиялар, сәулет саласындағы хай-тек, елордалық қала құрылысына инклюзияны енгізу жобалары – Наурыз кездесулерінде қазіргі жастарға болашақтың Астанасын түсінуге мүмкіндік берді.

«Астана геометриясы» тәжірибесі Наурыз кездесулерінің басты оқиғасы болды. Онда елорданың негізгі сәулет жобаларының макеті жасалды. National Geographic телеарнасының «Астана – болашақтың қаласы» атты фильмі көрсетілді.

Іс-шараға қатысушылар «Нұр Әлем» музейін, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасын, «Астана Опера» театрын, Тәуелсіздік сарайын, Назарбаев Университетінің Инженерлік мектебін, «Астанабасжоспары» мекемесін, Қазмедиаорталығын және Ұлттық академиялық хареографияны аралап көріп, жас дарындар елорданың белгілі ғимараттарының сәулетшілерімен кездесті. 

– «Астананың 20 жылдығы Зияткерлік мектептердің ашылуының 10 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.  Наурыз кездесулері осы жылдар ішінде  оқушылардың ғылыми ізденімпаздық әлеуетін арттыратын ашық алаңға айналды. Наурыз кездесулерінің жеңімпаздары халықаралық олимпиадаларда Қазақстан намысын жоғары дәрежеде қорғап, ғылыммен белсенді айналысып, әлемнің үздік университеттерінде оқиды», – деп атап өтті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова.

Наурыз кездесулерінің сегіз қатысушысы Қазақ бас сәулет-құрылыс акедемиясының грантын ұтып алды. Ерасыл Тұраров «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Инновациялық энергия үнемдегіш ойын алаңы» (Қарағанды), Сания Муканова «Астана қаласының маңайындағы сортаң жерлерге мыс және мырыш электродтарын қолданып электр қуатын алу және соның нәтижесінде сортаң жерлерді құнарландыру» (Астана), Нұрдаулет Таумергенов «GloveSpeaker» мылқау жандарға арналған қолғап (Ақтөбе), Владислав Конников «Интерактивная поверхность «ActivePanel» (Қостанай), Роман Голь «HelixTower» инновациялық архитекторлық кешеннің құрылысы (Петропавл), Камила Исакова және Аида Науанова «Азық-түлік қалдықтарын қайта өңдеу: биогаз өндірісі» (Талдықорған), Әсем Мылтықбай «BOMBER JACKET W+S» (Шымкент) сынды жобалар үздік деп танылды.

ҚазБСҚА ректоры Ерік Бесімбаев жеңімпаздарды құттықтап, оларға құрылыс саласындағы еліміздің үздік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін сертификат табыс етті.

Басқа жаңалықтар Бүгін Дүйсенбі, 23 шілде

9 шілде 2018 жыл «Нұрсұлтан шыңы 2018» Альпиниадасы
5 маусым 2018 жыл «Бейбітшілік және мейірімділік симфониясы»
2 мамыр 2018 жыл Кембридж университетінде «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің күндері» өтті