12 желтоқсан 2016 жыл

«Бірлік пен Жасампаздықтың 25 жылы» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясы


imageable_title_kz

2016 жылғы 8-9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президентінің кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Бірлік пен Жасампаздықтың 25 жылы» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Қазақстан, АҚШ, Голландия, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен тарихшы ғалымдар қатысты.

Сарапшылар өз баяндамаларында ел тәуелсіздігі тарихының, ұлттық экономиканы жаңғыртудың басты кезеңдерін атап өтіп, ғылыми инновациялық саланың, сондай-ақ қоғамның тұрақты дамуының ресурсы ретінде мәдени мұраның  жетістіктері мен басымдықтарына тоқталды.

Конференция аясында тәуелсіздік пен ұлттық бірлікті нығайтуда заманауи ғылым мен тәжірибенің өзекті мәселелері талқыланған «Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттілікті қалыптастыру мен нығайтудағы рөлі» пленарлық отырысы, сондай-ақ «Жаһандану жағдайындағы Қазақстан», «Қазақстан дамуының әлеуметтік мәдени векторлары: өткен уақыт, қазіргі таң, болашақ», «Инновациялық технологиялар: білім, ғылым,тәжірибе» тақырыптарында секциялар өтті.

Басқа жаңалықтар Бүгін Сейсенбі, 21 ақпан

20 ақпан 2017 жыл «Ұлы дала мұрагерлері» (Наследники Великой степи) атты шығармашылық есеп беру кеші
14 қаңтар 2017 жыл Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты ашылғанына 23 жыл толды
29 қараша 2016 жыл Елбасының кітапханасында тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған көрмелер ашылды