Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
19.08Бұл күні:
2005
5 маусым 2018 жыл

«Бейбітшілік және мейірімділік симфониясы»


imageable_title_kz imageable_title_kz imageable_title_kz

2018 жылғы 4 маусымда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Бейбітшілік және мейірімділік симфониясы» атты көрменің ашылу рәсімі өтті. Іс-шара «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қоры» қоғамдық қоры жүргізген балалар шығармашылығы байқауының нәтижелері бойынша ұйымдастырылды.  Бұл көрме мен сайыс Астананың және «Нұрсұлтан Назарбаев Білім беру қоры» қоғамдық қорының  20 жылдығына арналған. Елбасы кітапханасы мен Білім беру қорының серіктестік туралы меморандумы аясында өткен көрме алғашқы бірлескен іс-шара болды.

«Бейбітшілік және мейірімділік симфониясы» көрмесіне Қор филиалдарының студенттері мен Алматы қаласы №1 Балалар үйі тәрбиеленушілерінің  400-ден астам жұмысы ұсынылды. Олар кескіндеме, коллаж, мозайка, шыныға жазу, квиллинг, батик секілді түрлі аралас, көркем және қолданбалы техникалар арқылы орындалған.

 Байқауға ұсынылған жұмыстарға Елбасы кітапханасының қызметкерлері, Астана қаласы ЮНЕСКО клубы –  Балалар көркемсурет мектебінің, Ә.Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік өнер музейінің  өнертанушылары баға берді. Нәтижесінде 3-18 жас аралығындағы балалардың 150 жұмысы таңдап алынды. 

Көрмеге қатысқан балалар бойларындағы қабілет пен дарындылықты, эстетикалық талғамды дамытуға мүмкіндік алып, ішкі жан дүниесін, өмірге деген көзқарастарын бейнелеп, еліміздегі бірлік пен келісімді, бас қаламыз – Астанаға деген мақтаныш сезімін суреттейді.

«Бейбітшілік және мейірімділік симфониясы» көрмесі 2018 жылғы 12 тамызға дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар Бүгін Жексенбі, 19 тамыз

9 шілде 2018 жыл «Нұрсұлтан шыңы 2018» Альпиниадасы
2 мамыр 2018 жыл Кембридж университетінде «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің күндері» өтті
21 наурыз 2018 жыл Болашақ Астанадағы Наурыз кездесулері