Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
22.01Бұл күні:
2008
20 желтоқсан 2018 жыл

Президенттің батасын алған Ақназар Гарвард университетінің грантына ие болды


imageable_title_kz imageable_title_kz

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Ақназар Қажымұрат Гарвард университетінде білім алу грантына ие болды.

Жас өрен топологияны әлемдік деңгейде зерттеуді жоспарлап отыр. Математиканың дәл осы саласында Ақназар үлкен жетістікке қол жеткізді. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 10 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы дала мұрагерлері» форумында оқушы өзінің зерттеу жұмыстарын  Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстыруға мүмкіндік алды. Елбасы Ақназарға батасын беріп, Гарвард  университетіне түсетініне  сендірген болатын.

Қазақстандық вундеркиндті Гарвардқа жетелеген жол оның физика мен математикадан ұйымдастырылған әлемдік беделді олимпиадалардағы жеңістерінен басталды. Күні кеше Ақназар халықаралық емтихандарда таңқалаларлық нәтиже көрсетті. ACT мен SAT Subject Tests, ең жоғарғы  – 36 дан 36 және 2400 ден 2400 ұпай алды. Гарвард университетінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, оқуға түскендердің төрттен бір бөлігі ACT - дан 33 балл алса, қалған 75% 35 ұпай жинаған. 

– Зияткерлік мектеп оқушысы аспирантураны аяқтаған соң Қазақстанда ғылыммен айналысамын, – деп отыр. Оқушы болса жетістік маған  емес НЗМ жүйесіне тиесілі деп ағынан жарылды.

Басқа жаңалықтар Бүгін Сейсенбі, 22 қаңтар

1 қараша 2018 жыл «Жаңа дәуірдің мектебі: жаңа көзқарас. Нақты қадамдар»
9 шілде 2018 жыл «Нұрсұлтан шыңы 2018» Альпиниадасы
5 маусым 2018 жыл «Бейбітшілік және мейірімділік симфониясы»