Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
23.03Бұл күні:
2005
25 сәуір 2016 жыл

«Арыстан» мамандандырылған лицейіне – 5 жыл!


imageable_title_kz imageable_title_kz imageable_title_kz

 

2016 жылғы 23 сәуірде «Арыстан» мамандандырылған лицейі өзінің 5 жылдығын мерекеледі.  

Салтанатты рәсім дәстүр бойынша лицей туын әкеліп, Қазақстан Республикасының әнұранын орындаумен басталды. Лицей туын әкелу – «Арыстан» лицейінің барлық салтанатты шараларында орындалатын міндетті рәсім. Әскери бөлімнің жауынгерлік байрағы іспетті жасалған ту батылдықтың, ар-намыстың, ғылымды табысты игерудің нышаны болып саналады әрі лицей шәкірттеріне Отанға адал қызмет ету, оны ерлікпен қорғай білу қасиетті борыш екенін еске салып тұрады.

Арыстандықтар сап түзеген лицейшілер алдында салтанатты түрде Отанға және халқымызға адал қызмет етуге ант беріп, лицейдің абыройын жоғары ұстауға, елінің мүддесін қорғауға, өз талантын елдің игілігіне жұмсауға және лицей мұраттарына адал болуға уәде берді. Бұдан әрі лицейдің әнұраны орындалды. Бұл – «Арыстан» мамандандырылған лицейінің дәстүрлі салтанатты рәсімінің бірі.

Құрметті қонақтар мен көрермендер назарына қазіргі заманғы Қазақстан армиясының рухы мен идеялық сипатын көрсететін шағын плац-концерт ұсынылды. 

Басқа жаңалықтар Бүгін Сенбі, 23 наурыз

20 желтоқсан 2018 жыл Президенттің батасын алған Ақназар Гарвард университетінің грантына ие болды
1 қараша 2018 жыл «Жаңа дәуірдің мектебі: жаңа көзқарас. Нақты қадамдар»
9 шілде 2018 жыл «Нұрсұлтан шыңы 2018» Альпиниадасы