Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
23.03Бұл күні:
2005

Халық таңдаған Президент

Жастар мен балалар

Президент қазақстандықтардың жас буынына баса көңіл бөледі. Елбасының стратегиялық ойлары мен идеяларын жүзеге асыру түптің-түбінде елдің нақ сол жас азаматтарына жүктеледі. Сондықтан мемлекет жастардың білім алуы, жұмысқа, баспанаға қол жеткізуі, спортпен айналысуы және мәдени демалысы үшін барлық жағдайды жасап келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын ұсынуды тапсырды. Білім және ғылым министрлігі құрылымында салалық Комитет, ал әкімдіктерде тиісті басқармалар құрылатын болады. Оған қоса, Мемлекет басшысы жастарға арналған «әлеуметтік лифтілер» жасау жөнінде бастама көтерді.

Елдің демографиясын нығайту мәселесінде ананы және балалық шақты қорғау жайттарының маңызы үлкен. Бұл сала – еліміздің әлеуметтік саясатында басым бағыттың бірі. Бірқатар шаралар жүзеге асырылуы нәтижесінде елде ана мен сәби өлімі айтарлықтай азайтылды.

Қазақстанда жаңа  балабақшалар ашылуда, мектептер салынуда. Еліміз Халықты орта біліммен қамту жөнінен жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіне мүше 182 мемлекет арасынан 18-ші орын алып отыр.

Жаңа перзентханалардың, балабақшалардың, мектептердің ашылуы, жастармен кездесу – осының барлығы Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс кестесінің бөлінбес және аса маңызды бөлігі.