Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
23.03Бұл күні:
2005

Билік рәміздері

Мемлекет басшысын ұлықтау – Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымын атқаруға кірісуіне арналған ресми рәсім.

Осы салтанатты рәсім кезінде Мемлекет басшысы оң қолын Қазақстан Республикасы Конституциясының үстіне қойып, елдің халқына ант береді. Осыдан соң Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырады.  

Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы ұлықтау рәсімі 1991 жылғы 10 желтоқсанда Алматыдағы Республика сарайында өтті. Ол кезде Мемлекет басшысы сайлаушылардың 98,7 пайызының қолдауына ие болып, алғашқы сайлауда жеңіп шықты.

Екінші ұлықтау рәсімі 1999 жылғы 21 қаңтарда Астанадағы Конгресс-холда өтті. 1999 жылғы 10 қаңтарда өткен бұл  сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев 80 пайызға жуық сайлаушының даусын иеленді.   

Үшінші ұлықтау рәсімі 2006 жылғы 11 қаңтарда Ақорда сарайында өтті. 2005 жылғы 4 желтоқсандағы президенттік сайлаудың қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті 91,15% дауыс жинады.  

Төртінші ұлықтау рәсімі 2011 жылғы 8 сәуірде Тәуелсіздік сарайында өтті. 2011 жылғы 3 сәуірдегі президенттік сайлаудың қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 95,55 пайызының даусын жинады.