Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
22.01Бұл күні:
2008

Атақтары мен марапаттары

«Үш жұлдыз» ордені

Елі: Латвия Республикасы
Құрылған күні: 2008 жыл

Орденнің статуты. Үш жұлдыз ордені «Peraspera ad astra» («Азапты жол арқылы жұлдыздарға») ұранымен 1924 жылы 25 наурызда 1918 жылғы 18 қарашадағы Латвия мемлекетінің құрылуын еске алу мақсатында бекітілді. Орденнің Жарлығы 1938 жылғы 12 шілдедегі «Ордендер мен құрметті белгілер туралы» заңмен бекітілді. Бұл заң сол кезге дейін бар ордендермен, соның ішінде Үш жұлдыз орденімен де марапаттау тәртібін жарғылады. Заңның 44-бабында елдің Президенті қызметіне кірісе отырып, әр орденнің (ол кезде 3 орден болатын) жоғары дәрежесіне және ордендік тізбекті алу құқығына ие болатыны белгіленді.   Осы заңның қабылдануымен бірге Үш жұлдыз орденінің Жарғысы күшін жойды. 

Орденмен қоғамдық, мәдени және шаруашылық қызметте, сонымен қатар, өзін-өзі басқару қызметінде көрініс табатын Отан алдындағы еңбегі үшін марапатталады. Орденмен міндетті қызметтегі әскери қызметшілер және өзге мемлекеттердің азаматтары да марапатталуы мүмкін. Ал сіңірген еңбек ретінде ұзақ, үлгілі және жемісті қызмет,  сонымен қатар, Латвияның тәуелсіздігін қалпына келтіру кезеңіндегі немесе мемлекетті одан әрі құру және нығайту уақытындағы жекелеген көрнекті іс-әрекеттер саналады.

Үш жұлдыз орденінің бес дәрежесі бар. І дәрежелі орденмен марапатталған адам үлкен крест командирі деп аталады. ІІ дәрежелі орденмен марапатталған адам аға офицер атанады. ІІІ дәрежелі орден алған адам командир атанады. IV дәрежелі орденмен марапатталған адам офицер атанады. Ал V дәрежелі орденмен марапатталған адам кавалер атанады. Айрықша марапат ретінде үлкен айқыш командирі орден  алқасымен марапатталуы мүмкін.


Өзге елдердің жоғары мемлекеттік марапаттары