Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
22.01Бұл күні:
2008

Атақтары мен марапаттары

«Ұлы Ніл» ордені

Елі: Египет Араб Республикасы
Құрылған күні: 2008 жыл

Марапаттың статуты. «Ұлы Ніл» ордені Египет Араб Республикасының жоғары мемлекеттік марапаты болып саналады. Оны 1915 жылы сұлтан Хүсейн Кәмил Египет алдындағы әскери және азаматтық еңбегі үшін берілетін жоғары мемлекеттік марапат ретінде тағайындады. Монархияны тақтан тайдырған төңкерістен соң, 1952 жылы орден жаңа марапаттық жүйеде сақталып қалды. 1953 жылғы № 528 және 1972 жылғы № 12 заңдармен Орден статутына екі рет өзгеріс енгізілді. Египет алдындағы әскери және азаматтық еңбегі үшін ел азаматтарына, сонымен қатар, шетелдіктерге де беріледі. Египет Президенті лауазымы бойынша Үлкен тізбекті Ұлы Ніл орденінің кавалеріне айналады.

Орденнің алты дәрежесі бар: Орденнің Үлкен тізбегі; Үлкен таспадағы орден белгісі (Grand Cordon BAR.png); Гранд-офицер; Командор; Офицер; Кавалер. Қазіргі уақытта, іс жүзінде, марапаттаудың тек шетелдік мемлекет басшылары үшін резервке қалдырылған жоғары дәрежесі ғана беріледі.

Орденнің жоғары дәрежесімен марапатталған мемлекет басшылары: Ұлыбритания патшайымы – II Елизавета; Дания патшайымы – II Маргрете; Жапония императоры – Акихито және т.б.


Өзге елдердің жоғары мемлекеттік марапаттары