Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
21.05Бұл күні:
2006

Атақтары мен марапаттары

«Ұлы Бадр Алқасы» ордені

Елі: Сауд Арабиясы Корольдігі
Құрылған күні: 2004 жыл

Марапаттың статуты. «Ұлы Бадр Алқасы» орденін король Фейсал Бен Әбдел Әзиз белгілеп, ел Министрлер Кеңесінің 1971 жылғы 20 наурыздағы № 122 және № 123 Қаулыларымен қабылданған. Сауд Арабиясы Королінің ерекшелік белгісі болып саналады. Таққа отырған кезде, ант қабылдағанда және король деп жарияланар сәтінде «Әбдел Әзиз Корольдің Алқасымен» бірге тағылады.

Корольдің жарлығы бойынша, сондай-ақ марапат қызметі мен еңбегін танудың белгісі ретінде мемлекет басшыларына да беріледі.

Н.Назарбаев – ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары арасында осындай аса жоғары марапатқа ие болған тұңғыш жетекші.   


Өзге елдердің жоғары мемлекеттік марапаттары