Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
19.01Бұл күні:
2006

Атақтары мен марапаттары

«Үлкен таспадағы хризантема» ордені

Елі: Жапония
Құрылған күні: 2008 жыл

Орденнің статуты. Мемлекеттік марапаттар иерархиясында «Үлкен таспадағы хризантема ордені»  маңызы жағынан Жапонияның ең жоғары марапаты «Алқалы хризантема орденінен» кейін екінші орын алады. Марапаттың мәртебесіне сәйкес, бұл орденмен тек қана император мен король және жоғары ақсүйектер әулетінен шыққан жапондықтар мен шетелдіктер, сонымен қатар, мемлекеттік, халықаралық ғылыми-зерттеушілік, қоғамдық және қайырымдылық қызметтегі жоғары жетістіктері, ғаламшардағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін шетелдік мемлекеттер басшылары марапатталады.  

Оған қоса, бұл марапат осыған дейін бұдан төмен жапондық «Күншығыс», «Киелі Қазына» және «Қымбат Тәж» ордендерімен марапатталған, император отбасынан шыққан жандарға беріледі.  

Император үйі жөніндегі ережеге сәйкес, «Үлкен таспадағы хризантема ордені» император отбасының 7 жастағы ханзадаларына, ал өзге ханзадаларға 15 жаста  беріліп келді.


Өзге елдердің жоғары мемлекеттік марапаттары