Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
22.01Бұл күні:
2008

Атақтары мен марапаттары

«Свободи» («Бостандық») ордені

Елі: Украина
Құрылған күні: 2010 жыл

Орден статуты. Бостандық ордені (укр. Орден Свободи) — Украинаның егемендігі мен тәуелсіздігінің тұғырын бекітудегі, украин қоғамын топтастырудағы, демократияны, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды   дамытудағы, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы азаматтардың айрықша және көрнекті еңбегін атап өтуге арналған Украинаның мемлекеттік марапаты.  

 Бостандық ордені Украинаның шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар марапатталатын жоғары ордені саналады.  (Украина азаматтары үшін ең жоғары марапат – «Алтын Жұлдыз» ордені немесе Держава ордені қоса берілетін Украина Батыры атағы). 2010 жылғы 23 қарашадағы жағдай бойынша, Бостандық орденінің шетелдік төрт кавалері бар, оның үстіне, марапатталу сәтінде олардың бәрі І санатты князь Ярослав Мудрый орденінің кавалері болатын. 


Өзге елдердің жоғары мемлекеттік марапаттары