Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
21.05Бұл күні:
2006

Атақтары мен марапаттары

«Румыния жұлдызы» Үлкен крест орденінің Кавалері

Елі: Румыния
Құрылған күні: 1999 жыл

Марапаттың статуты. Орденмен Румыниямен достық қарым-қатынастарды дамыту ісіне сіңірген айрықша еңбегі үшін немесе Румыния мемлекетіне сіңірген айрықша еңбегі үшін румын және шетел азаматтары наградалады. Орденнің 6 дәрежесі бар: рыцарь, офицер, командир, аға офицер, үлкен крест, алқа. Әскери емес азаматтарды жоғары дәрежелі «Стяуа Ромынией» орденімен (орден алқасымен) марапаттау оған армия генералы, авиацияның генерал-инспекторы немесе адмирал әскери шені берілгенмен тең. 10 мамырда Орден күні мерекеленеді. Румыния тәуелсіздік алған 1877 жылы Румынияның Королі I Кароль «Стяуа Ромынией» орденін белгілеу жөніндегі заңға қол қойды. 1943 жылы Румынияның бұрынғы наградалар жүйесі жойылып, орден тек 1999 жылы ғана қайта қалпына келтірілді.

Н.Назарбаев «Румыния мен Қазақстан арасындағы өзара түсіністік қарым-қатынастарды, бейбітшілік пен ынтымақтастықты дамытуға қосқан айрықша ролін тану белгісі ретінде» марапатталды.


Өзге елдердің жоғары мемлекеттік марапаттары