Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
19.01Бұл күні:
2006

Атақтары мен марапаттары

«Пий Ордені»

Елі: Ватикан Мемлекеті
Құрылған күні: 2001 жыл

Марапаттың статуты. Пий Ордені  –­ Папаның «Рим Понтификі мейірбандығының айрықша белгісі ретінде халықтардың жоғары билеушілері мен өте жоғары мәртебе иелеріне тапсыратын жоғары марапаты. Осы Кавалерлік орден арқылы өздерінің белгілі істерімен Шіркеу мен Мемлекетке еңбегі сіңген адамдарға тиісті құрмет көрсетіледі».

Бұрын Пий ордені үш деңгейлі болған. Кейін XII Пий Папасы өзінің 1957 жылғы 25 желтоқсандағы Жолдауымен Пий Орденінің жаңа деңгейін – Пий Орденінің Мойынға ілетін тізбегін бекітті.

Қазіргі кезде Пий Орденінің Мойынға ілетін ең жаңа Тізбегі Ватикан Мемлекеті мен Әулие Тақтың ең жоғары азаматтық марапаты болып саналады. Бұл жоғары марапатты тек 15 адам ғана алды. Олардың бәрі де – мемлекеттердің қазіргі немесе бұрынғы басшылары.            

Н.Назарбаев Пий Орденімен Қазақстан Республикасы тәуесіздігінің 10 жылдығына орай «мемлекетті басқарудағы шеберлігі мен таланттылығы үшін» марапатталды. 


Өзге елдердің жоғары мемлекеттік марапаттары