Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
22.01Бұл күні:
2008

Атақтары мен марапаттары

«Құрметті легионның Үлкен кресті» ордені

Елі: Франция
Құрылған күні: 2008 жыл

Орденді 1802 жылы 19  мамырда мемлекеттік қайта құру барысында Құрметті легионның негізін салған Наполеон Бонапарт «әскери істердегі батылдығы және азаматтық қызметтегі айрықша дарыны үшін» берілетін жоғары марапат ретінде тағайындады. Ұлы француз төңкерісі ордендермен қоса бүкілсословиелік артықшылықтарды жойды. Сондықтан Құрметті легион орденін тағайындау туралы  Наполеонның заңы іс жүзінде Франциядағы жаңа марапаттау жүйесін қалыптастырудың нышанына айналды.

Орден 1804 жылы алғаш төрт дәрежеге бөлінді: легионер, кавалер, командор және офицер.  Бұл орденмен марапаттаудың ең бірінші рәсімі 1805 жылғы 15 шілдеде өтті, Наполеон онымен Ардагерлер сарайы капелласында өз маршалдарын, ардагерлерді, сарбаздарды, ғалымдарды, жазушылар мен өнер қайраткерлерін марапаттады.

Қазіргі түріндегі Үлкен крест орденінің белгісі 1962 жылы бекітілді.

Үлкен крест кавалері оң иығы арқылы киілген алқызыл түсті муар жібек таспаның сол жақ белдік тұсына орден белгісін және сол жақ көкірек тұсында алтын Жұлдыз тағынады.

Францияда Құрметті легион ордені  жай айырым белгісі ғана емес, сонымен бірге ол  – марапатталған кавалерлер ұйымы. Орденнің басшылығында қызметіне кіріскен күні Үлкен крест кавалерінің белгісі мен орденнің алқа-тізбегін алатын Ұлы магистр (Республика Президенті) тұрады. Республика Президенті өз Жарлығымен Үлкен крест кавалерлері арасынан 6 жыл мерзімге Құрметті Легион орденінің Ұлы  канцлерін тағайындайды. Ұлы канцлер Орден кеңесін басқарады, марапаттауға ұсынымдарды жинақтап, оларды Орден кеңесінің қарауына ұсынады, Республика Президентіне  марапатқа ұсынылатын үміткерлер тізімін береді. Ең төменгі дәрежесімен (кавалер) марапаттау үшін, өзге еңбектерімен қатар, 20 жылдан кем емес уақыт әскери немесе азаматтық қызмет атқаруы, болмаса 25 жылдан кем емес уақыт кәсіби қызметпен айналысуы керек. Ал Үлкен крестпен ең көрнекті тұлғалар марапатталады. Франция Президенті өзіне ұлықтау рәсімі кезінде берілетін Үлкен крестің кавалеріне бірден айналады.  

Орденмен шетелдік азаматтарды марапаттау жалпыға ортақ негізде жүзеге асады, дәрежелердің реттілігін міндетті түрде сақтау талап етілмейді және ұйым ретінде Орденге мүше болуды қажет етпейді. Үлкен крест кавалерінің дәрежесі Республика Президентінің Жарлығымен беріледі.

Франция СІМ Протокол Қызметінің Марапаттар мен артықшылықтар бөлімінің бастығы Д.Бардың мәліметі бойынша, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Құрметті легионның Үлкен крестімен марапатталуын куәландыратын құжат – марапаттаудың нөмірі мен күні көрсетілмейтін Диплом. Сонымен бірге, қолда бар ақпаратқа сәйкес, Франция Президентінің бұл марапаттау туралы Жарлығы 57 D нөмірімен биылғы 22 мамырда шыққан


Өзге елдердің жоғары мемлекеттік марапаттары