Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
21.05Бұл күні:
2006

Атақтары мен марапаттары

«Исмоили Сомони» ордені

Елі: Тәжікстан Республикасы
Құрылған күні: 2000 жыл

Марапаттың статуты. «Исмоили Сомони» орденімен еңбектегі жоғары жетістіктері үшін, мемлекеттік құрылыс ісіне қосқан елеулі үлесі, әскери қызметтегі, әлеуметтік-мәдени саладағы, қоғамдық және қайырымдылық қызметтегі үлкен табыстары үшін мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, басқа да адамдар марапатталады.

Н.Назарбаев «Исмоили Сомони» орденімен Тәжікстан мен Қазақстан халықтары арасындағы дәстүрлі туысқандық байланыстарды, тәжік-қазақ қатынастарын, достық пен өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге сіңірген үлкен еңбегі, Тәжікстанда бейбітшілік орнатуға қосқан маңызды үлесі, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының халықтарын жақындастырудағы қажымас күш-жігері үшін марапатталды.


Өзге елдердің жоғары мемлекеттік марапаттары