Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
22.01Бұл күні:
2008

Атақтары мен марапаттары

«Эрдэнийн очир» ордені

Елі: Моңғолия
Құрылған күні: 2008 жыл

Орден статуты. Бұл орден алғаш Моңғолияда Боғда Ханның билігі тұсында 1913 жылы тағайындалды.

Содан соң 1991 жылы  МХР Кіші Хуралының қаулысымен,  бұл орден халықаралық қатынастардағы демократия қағидаттарын бекітуге және Моңғолиямен арадағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін шет елдердің саяси және қоғам қайраткерлерін марапаттау мақсатымен қайтадан қалпына келтірілді.

«Эрдэнийн очир» орденінің үш дәрежесі бар.

Бірінші дәреже – «Эрдэнийн очир» інжу ордені – онымен шетелдік мемлекеттер басшылары марапатталады.

Екінші дәреже – «Эрдэнийн очир» маржан ордені – онымен шетелдік мемлекеттердің парламент және үкімет мүшелері марапатталады.

Үшінші дәреже – «Эрдэнийн очир» көгілдір ақық ордені  – вице-министрлерге және өзге де мемлекет және қоғам қайраткерлеріне беріледі.

Алғаш рет 1991 жылы «Эрдэнийн очир» орденімен Корея Республикасының  Президенті марапатталды. Одан соң 1997 жылы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Дж. Бейкер, Жапония премьер-министрі Т.Кайфу, 2005 жылы Венгрия Республикасының Президенті М.Ференц марапатталды.


Өзге елдердің жоғары мемлекеттік марапаттары