Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
21.05Бұл күні:
2006

Атақтары мен марапаттары

«Емен тәж» ордені

Елі: Люксембург
Құрылған күні: 2008 жыл

Орденнің статуты. Емен тәж орденін 1841 жылғы 29 желтоқсанда Нидерланд Королі және Люксембургтың Ұлы Герцогы ІІ Вильгельм тағайындады.

1840 жылы Нидерланд конституциясы корольдің нидерланд ордендерімен марапаттаудағы артықшылықтарын шектеп тастады, король өзінің екінші титулын пайдалана отырып, өзіндік шексіз билік (самодержавиелік) құқығына сүйеніп,  люксембург орденін тағайындады.

Бастапқыда орденнің төрт (төмендеу ретімен) дәрежесі болды: Бірінші санатты Рыцарь немесе Үлкен крест; екінші санатты Рыцарь немесе орден жұлдызы Рыцарі; үшінші санатты Рыцарь немесе командор; төртінші санатты Рыцарь немесе рыцарь.

1858 жылы бірқатар өзгерістер енгізілді. Екінші санатты Рыцарьлар гранд-офицер титулына ие болды және бесінші санат – офицер санаты (командор мен рыцарь дәрежелері арасында) тағайындалды. Сонымен қатар, орденге еңбегі үшін берілетін үш медаль – алтын, күміс және қола медаль қосылды.  1872 жылы  алтын жалатылған күміс медаль алтын медальмен ауыстырылды.

Нидерландтық кезеңде орденмен люксембургтіктердің үштен бірінен де азы марапатталды, ал марапатталғандардың басым бөлігі 1890 жылға дейін голландықтар мен шетелдіктер болды, ІІІ Вильгельмнің өлімінен соң, Емен тәж ордені таза люксембургтық орденге айналды, жаңа Ұлы Герцог Адольф Нассау негізгі люксембургтық наградаға айналған орденмен марапаттауды жалғастырды.

Емен тәж орденімен Люксембург халқы алдындағы ерекше азаматтық және әскери еңбек сіңірген, сонымен қатар, үлкен шығармашылық табыстарға жеткен жандар марапатталады. Орден ұлттық мерекеге орай үкімет мүшелеріне, депутаттарға, мемлекеттік кеңесшілерге, мемлекеттік қызметшілерге, қалалық билік қызметкерлеріне, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және спорттық қызметтерге қатысушыларға, сонымен қатар, еріктілерге тапсырылады. Ерекше жағдайларда орден шетелдік азаматтарға берілуі мүмкін. Бұл жағдайда азаматы марапатқа ұсынылған мемлекет үкіметінің келісімі талап етіледі. Бір адам марапатқа арадағы бес жылдан соң қайта ұсыныла алады. 

Орденді Люксембург Премьер-министрінің ұсынысы бойынша, Ұлы Герцог немесе монархтың атынан үкімет басшысы тапсырады.


Өзге елдердің жоғары мемлекеттік марапаттары