Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
25.05Бұл күні:
2005

Атақтары мен марапаттары

«Буюк хизматлари учун» («Зор еңбегі үшін») ордені

Елі: Өзбекстан Республикасы
Құрылған күні: 1998 жыл

Марапаттың статуты. Президент Н.Назарбаев «Буюк хизматлари учун» орденімен Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қарым-қатынастарды дамытуға, тарихи қалыптасқан өзбек-қазақ мәдени, рухани және экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдетуге, екі елдің халықтары арасындағы дәстүрлі тату көршілік дәнекерлікті нығайтуға қосқан аса зор үлесі үшін марапатталды. «Буюк хизматлари учун» орденімен Өзбекстан Республикасының азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары ғылым мен техниканы, экономика мен мәдениетті дамытуға сіңірген үлкен еңбегі, мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуға, Өзбекстанның халықаралық беделін арттыруға бағытталған ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталады.


Өзге елдердің жоғары мемлекеттік марапаттары