Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
21.05Бұл күні:
2006

Атақтары мен марапаттары

«Бірінші дәрежелі «Қосарлы ақ крест» ордені

Елі: Словакия Республикасы
Құрылған күні: 2007 жыл

Марапаттың статуты. «Қосарлы ақ крест» ордені мемлекеттік марапат ретінде 1994 жылғы 2 ақпанда Словакия Республикасының Мемлекеттік марапаттар туралы Заңына сәйкес белгіленді. Орден демократиялық қоғамның қалыптасуы мен дамуына сіңірген айрықша еңбегі, зор мемлекеттік және қоғамдық-саяси қызметі және республика игілігі үшін жасаған жанқиярлық еңбегі мен әскери ерлігі үшін беріледі. Өзге мемлекеттер азаматтарына Словакия Республикасымен түрлі салаларда ықпалдастық орнатып, дамытқаны үшін табыс етіледі. Орденнің екі түрі бар – азаматтық және әскери, олардың әрқайсысы түрлі деңгейлерден тұрады, І дәрежелісі ең жоғарғысы болып саналады.

Н.Назарбаев «Словакия мен Қазақстан арасындағы өзара қарым-қатынастарды және жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» марапатталды.


Өзге елдердің жоғары мемлекеттік марапаттары