Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
21.05Бұл күні:
2006

Атақтары мен марапаттары

«Ақ Раушан» Үлкен Командорлық Крест Ордені

Елі: Финляндия
Құрылған күні: 2009 жыл

Орден статуты.  Ақ раушан орденін 1919 жылы 28 қаңтарда генерал Карл Густав Маннергейм тағайындады. Ол дәл сол күні жойылған Бостандық Кресті Орденін ауыстыруы тиіс болды. Марапаттау критерийі – «мемлекет пен халық игілігіне қызмет ету». Орден атауы Финляндия елтаңбасында орналасқан 9 ақ раушаннан шыққан. Марапатты фин азаматтары да, шетелдіктер де ала алатын еді. Гауһармен және Семсерлермен (орден тізбегіндегі) безендірілген Үлкен Крестпен тек маршал Маннергейм ғана марапатталды.

Гауһармен безендірілген Үлкен Крестті бар болғаны үш адам ғана алды: сенатор Отто Стенрот, саясаткер және дипломат Карл Энкель және профессор Ян Сибелиус (барлығы – Финляндия үкіметінің мүшелері).

Семсерлермен безендірілген Үлкен Крест Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі іс-әрекеттері үшін үш финнге (Ялмар Сииласвуоға, Эдвард Ханеллаға және Аксель Айроға) және бірнеше шетелдікке (олардың арасында неміс генералы Э. Дитльге, Финляндияның солтүстігінде әрекет еткен қорықшылық корпус командиріне) берілді.

Гауһармен безендірілген І санаттағы Командорлық Крестпен марапаттаған тек екі оқиға және Семсерлермен безендірілген Командорлық Крестпен марапаттаған бір ғана жағдай белгілі.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін орден Финляндияның награда жүйесіндегі өз орнын сақтап қалды.  

1963 жылы орден статуты өзгертілді. Сіңірілген еңбек Кресті, сонымен қатар әйелдерді марапаттауға арналған нұсқалар қосылды. 


Өзге елдердің жоғары мемлекеттік марапаттары