Атақтары мен марапаттары

«Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденінің Үлкен Таспасымен безендірілген Үлкен Крест Кавалері» ордені. 1997 жыл.

 

Ел: Италия Республикасы
Марапаттау күні: 1997 жыл
Марапаттың статуты. Орденнің 5 дәрежесі бар: 1. Үлкен Крес  Кавалері ордені. 2. Жоғары офицер. 3. Командор. 4. Офицер. 5. Кавалер.

Бұл марапатпен ғылымға, өнерге, әдебиетке, экономикаға еңбек сіңірген, белсенді мемлекеттік және әлеуметтік қызмет істеген жандар, қайырымдылық жасаушылар және гуманитарийлер, сондай-ақ мемлекеттік және әскери қызметте ұзақ та жемісті еңбек еткендер марапатталады. Аса зор еңбегі үшін «Үлкен Таспа» бумасымен марапатталады. Үлкен Крест Кавалері мен Үлкен Таспаның үйлесімі Италияның жоғары наградасы болып есептеледі және олармен мемлекеттердің басшылары ғана марапатталады.

Н. Назарбаев орденнің Жарғысына сәйкес «Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін» марапатталған


Өзге елдердің жоғары мемлекеттік марапаттары