Хоббиі

Музыка

Президент өмірінде музыка маңызды орын алады. Мемлекет басшысының отбасында ата-анасы әрдайым ән-күй тыңдауды ұнататын және өздері де ән сала білетін. Әсіресе анасы Әлжан Назарбаева әнді жақсы айтатын. Оның сол қабілет-дарыны ұлына берілгені сөзсіз. Жас Нұрсұлтан бала кезінен «есте жоқ ескі кездердегі» де, өз заманындағы да түрлі әндер мен әуендерді тыңдап, құлағына және зердесіне сіңіріп өсті. Нұрсұлтан Назарбаев бос уақытында өзі де домбыраны шебер тартып, ән салады. Президенттің үш ән шығарғаны, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Әнұраны мәтінінің телавторы екені де баршаға белгілі.