Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
22.01Бұл күні:
2008

Халықаралық беделі

Конфессияаралық қарым-қатынастар

Қазақстанда  қазіргі уақытта шамамен 40 шақты діннің өкілдері өмір сүреді, сондықтан этносаралық және конфессияаралық келісім мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Кеңес Одағы кезіндегі ұзаққа созылған дінсіздік ұмыту кезеңінен соң Қазақстанда бүгінде ғұрыптық мінәжат үйлері – мешіттер, шіркеулер, синагогалар және өзге де ғибадатханалар қайтадан ашылуда. Оған қоса, тіркелген діни бірлестіктер мен орталықтар елде емін-еркін жұмыс жүргізуде. Олардың барлығы бейбітшілік және қоғамның бірлігі жағдайында азаматтарға рухани тәрбие беруді көздейді. Мейлінше кең тараған діндер – ислам мен христиандық. Сондықтан Құрбан айт және православтық Рождество республикамызда демалыс күндері болып саналады.

Мемлекет басшысының аса маңызды бастамасының бірі Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізу болды. Осымен төртінші рет өткен бұл форум барған сайын кең халықаралық резонанс тудыруда. Ол жаһандық басты дінаралық диалог алаңына айналды деуге болады. Съезд бүкіл әлемнен келген түрлі діни бағыттар өкілдерінің басын біріктірді. Оған қатысушылар бұл шараның дінаралық келісім ісіне қомақты үлес қосып отырғанын айтуда.