Кітаптары

Бейбітшілік кіндігі

XX ғасыр. Мұныңыз – Ғалам бір бөлшек деп танылған, бірақ бөлшектің өзі тұтас бір ғалам болып шыққан заман. Мұныңыз – адамзат баласы атомның ғаламат тыныштығын тұңғыш рет мазалап, сол атом өзінің ғылыми қиялдан күштірек екенін көрсеткен заман.

Ұйқысынан оятылған күш өзінің адами әуестікті тояттандыратын дүниенің құйтымдай бөлшегін құрайтын жай ғана нәрсе емес, әлдеқайда үлкен нәрсе екенін танытты. Өзінің дүниеден жоғары, тыс тұрғанын, оның тағдырын адам айқындамайтынын, керісінше оның шексіз энергиясы адамзат тағдырын айқындайтынын дәлелдеді.

Адамдар ядроның энергиясын басқаруды үйреніп алды, бірақ өзін басқаруды үйрене алған жоқ. Адамдар адамға сенуден қалды, бірақ ядролық күшке сеніп алды.

Алайда «әскери» атом әлдеқашан-ақ өз ғұмырын күйттеуде. Оған ие болу қиын, жойып жіберу одан да қиын. Онымен көздеуге болмайды, өйткені нысана – дәл өзіңсің. Оның бетіне тура қарай алмайсың, өйткені жанарында шексіз зұлымдық лапылдап тұр. Оған сенуге болмайды, өйткені оның саған сенімі – достық емес, құлдық. Адамның мұндай сенімінің ақыры немен тынады? Адамзат өзіне деген сенімге қашан оралады?

Бұл «ядролық» құндылықтарды танудың шегі мен оны қайта бағалаудың рецептері туралы кітап емес. Бұл кітап – күштің парасатқа өктемдігінің күшейе түскен қатері мен адамзаттың «ядролық» қауіпсіздік формуласын қинала іздестіруі туралы толғам-кітап.  

 

Н.Назарбаев, Астана, 2001

Авторы: Нұрсұлтан Назарбаев
Тілі : Қазақ