Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
18.06Бұл күні:
2006

Кітаптар мен мақалалар

Темірқазық

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік маңызы бар түрлі жиындарда, мерейтойларда, халықаралық форумдарда сөйлеген тарихи сөздері аз емес. Бұл сөздер елдің даму жолында өзіндік бағдарға айналды. Президенттік қызметке кірісу рәсімінде, мемлекеттік рәміздерді таныстыруда, ел орталығын Сарыарқа төсіне ауыстыру шешіміне орай, алғаш БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөздер, сондай-ақ Абай мен Жамбыл мерейтойларында жасаған терең талдаулы баяндамалар, ел тарихындағы ірі тұлғаларға ескерткіштер ашу салтанаттарындағы, т.б. сөздер жинағы Қазақстанның тәуелсіздік дәуіріндегі жылнамасы іспеттес. «Темірқазық» кітабына осы сөздер жүйеленіп, реттеліп топтастырылды.

Кітап ел тарихына енжар қарамайтын қалың оқырман қауымға арналған.

Авторы: Президенттің Баспасөз қызметі
Тілі : Қазақ