Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
18.06Бұл күні:
2006

Кітаптар мен мақалалар

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевқа арналған кітаптар

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  Н.Ә.Назарбаев туралы кітаптар» аңдатпалы библиографиялық көрсеткіші Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті  Музейінің кітапхана қорындағы Елбасының өмірі мен қызметіне, мемлекетіміздің тэуелсіздіғінің қалыптасуындағы оның тарихи рөлін көрсетуге арналған кітаптардың библиографиялық сипаттамасынан тұрады. Басылымның қазақ тіліндегі І-ші бөлімінде әліпби тәртібімен тізілген материалдар тақырыптық айдарлар бойынша топтастырылған. Көрсеткішке енгізілген шет тілдерінде жарық көрген кітаптар библиографиялық сипаттамалар стандарттарына сәйкес келтіріліп, айдарлар тақырыптары бойынша бөлінді.

  • Шежіре - тектілік тұгыры. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тектілігін танытатын шежіреден, жеті атасы туралы кі- таптардан тұрады.
  • Тұлганың қалыптасуы. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің балалық, жастық шағын, еңбек жолының басталуын көрсететін кітаптардан тұрады.
  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің  саяси портреті. Президенттің саяси өмірбаянын ашатын жалпы сипаттағы кітаптардан тұрады.
  • Президенттің стратегиялық багыты - Қазақстан жетістігінің факторы. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатындағы, жемісті реформаларды жүзеге асырудағы рөлін көрсетуге арналған кітаптарды құрайды. Бұл бөлімде жалпы мазмұндағы, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы президенттік институттың қалыптасуы, Астананың қалыптасуы мен дамуындағы Мемлекет басшысының рөлі туралы жекелеген басылымдар берілген.
  • Әлемдік ауқымда танылган лидер. ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевты әлемдік қоғамдастықтың  мойындауын тануын көрсететін кітаптар жинақталған, мұнда берілген әлемдік лидерлердің айтқан сөздері, құттықтаулар, мерейтойлардағы лебіздер, жоғары мемлекеттік наградалар соның айғағы болып табылады.
  • ҚР Президенті Н. Ə. Назарбаев туралы көркем шығармалар. Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған көркем əдебиет – поэзиялық жəне прозалық шығармалардан тұрады. Көрсеткіш рет саны бойынша нөмірленіп, авторлар мен кітаптар атауларының əліпби көрсеткіші берілген.
Авторы: Нұрсұлтан Назарбаев
Тілі : Қазақ