Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
18.06Бұл күні:
2006

Кітаптар мен мақалалар

2020 СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ: КӨШБАСШЫЛЫҚҚА БАСТАЙТЫН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛ

Оқырман қауымға ұсынылып отырған бұл кітапты құрамына Ресейдің жетекші экономистері, та­рихшылары және политологтары енген авторлық ұжым дайындады. Кітапта Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың республиканың 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясын айқындайтын «Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» (29.10.2010) атты Қазақстан халқына Жолдауына толық талдау жасалған.

Жолдау тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ, шетелдіктердің арасында да үлкен резонанс ту­дырды. Оған осы басылымның шығуы дәлел. Ресейлік ғалымдар өз мақалаларында Қазақстанның әрі қарай да қарқынды дами беретініне сенім білдірген. Бұл мемлекетіміздің өңірдегі тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім тірегі, халықаралық қауіпсіздік және ынтымақтастықты нығайту бойынша маңызды ұсыныстардың бастамашысы болуына жол ашады.

Қазақстан көпэтносты және көпконфессиялы қоғамдағы мүдделердің үйлесімді теңдестігі мен тұрақты дамудың жолын тапты. 2010 жылғы қаңтар айындағы Жолдау Қазақстанның нарықтық, әлеуметтік және демократиялық мемлекет ретінде дамудың жаңа белесіне аяқ басқанын білдіреді. Бұл әлемнің Қазақстан тәжірибелерін мұқият зерделеп жатқанының, Қазақстан қоғамының саяси және әлеуметтік-экономикалық модернизациясының бұдан кейінгі үдерістерін қолдайтынының тағы да бір дәлелі.

Аталмыш басылымнан Ресейдің Қазақстанның дамуына ерекше назар аударып, еліміздің жетістіктеріне қуанатынын байқауға болады. Бұл кітаптың Қазақстан, Ресей және Беларусияның Кедендік Одағы өз жұмысын бастаған 2010 жылы жарыққа шығуының өзі аса маңызды.

Авторы: Нұрсұлтан Назарбаев
Тілі : Қазақ