Атақтары мен марапаттары

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы

Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы болып табылады.

Біздің армия қазақстандық қоғамның басты құндылықтары – бостандық, тәуелсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылықтың күзетінде тұр. Сондықтан Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгінде тек техникалық жаңғыртуға және қазіргі заманғы қару-жарақты сатып алуға ғана емес, сондай-ақ қазақстандық әскери қызметшілердің өмір сүру сапасын жақсарту үшін де айтарлықтай қаражат бөлінеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа әскери доктрина қабылданған, келісім-шарт бойынша қызметке шақыру артуда, жалпы, әскери кәсіптің беделі артып келеді.

ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы Қазақстан Республикасы Қарулы Күш­тері құ­рылуының 20 жылдығы қарсаңында, Үкіметтің 7 мамыр – Отан қорғаушы күнін Қа­зақ­стан Республи­ка­сының мемлекеттік мерекесі деп белгілеуді көздейтін заң жобасын енгізуі туралы бұйрыққа қол қойды. Қарулы күштердегі қызмет қазақстандықтар үшін біздің Отан қорғаған бабаларымыздың ерлік дәстүрлерінен тамыр тартқан патриотизм мектебі.

Президент ардагерлерге зор қамқорлық көрсетіп келеді. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев әскери оқу орындарының жас курсанттарымен, мерзімді қызметтегі сарбаздармен және офицерлер құрамымен ұдайы кездесулер өткізіп тұрады.