Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
23.03Бұл күні:
2005

Халық таңдаған Президент

Қазақстан халқына Жолдаулар

Мемлекет басшысының жыл сайынғы ең басты саяси баяндамасы Қазақстан халқына Жолдауы болып саналады. Онда елдің жан-жақты дамуының келер жылға, одан да ұзақ мерзімге арналған негізгі басымдықтары мен жоспарлары айқындалады. Одан әрі дамудың басты бағыттарын жариялай отырып, Нұрсұлтан Назарбаев халықтың қолдауына ие болатын және табысты жүзеге асырылатын әлеуметтік маңызды бағдарламаларды іске қосады. Әрбір азаматтың өмірінің сапасын жақсарту, әлеуметтік қамсыздандыру, жастарға қолдау көрсету – бұл жайттардың барлығы Президенттің халыққа әр Жолдауында көрініс табады.

Бұл маңызды құжатта қозғалатын тақырыптар Қазақстанның әрбір тұрғынына қатысты. Мемлекеттің дамуы қай бағытта өрбитінін  айқын ұғына отырып, қазақстандықтар болашаққа сеніммен қарайды және өз өмірін сәтті жоспарлай алады. Бұл, өз кезегінде, бүкіл қоғам тұрақтылығының бір негізі бола алады.

Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулар бір жылға арналған басты бағдарламалық құжатқа және «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асырудың ажырамас бөлігіне айналды.