Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
25.07Бұл күні:
2005

Халықаралық беделі

Халықаралық форумдар

Қазақстан барған сайын халықаралық аренадағы көрнекті және беделді ойыншыға айналып келеді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев – ғаламшардың мейлінше маңызды конференциялары мен форумдарының міндетті түрдегі қатысушысы. Қазақстан Президенті үнемі БҰҰ Бас Ассамблеясының, Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттің, Давостағы Бүкіләлемдік экономикалық форумның және өзге де беделді халықаралық басқосулардың биік мінберлерінен сөз сөйлейді.

Оған қоса, Қазақстанның өзі де ең жоғары деңгейдегі шараларды өткізеді. Оған 2010 жылғы желтоқсанда өткен ЕҚЫҰ-ның Астана саммиті, 2011 жылғы маусымдағы ИЫҰ СІМК 38-ші сессиясы және өзге де шаралар мысал бола алады.

Қазақстан Президенті құрамы жағынан ең көрнекті қатысушылардың басын қосатын және халықаралық қоғамдастықтың назарын еріксіз аударатын форумдардың өтуіне өзі бастамашылық етеді. Атап айтқанда, Астана экономикалық форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, Еуразиялық медиафорум, Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы және тағы басқа шаралар.

Мұндай шараларға әлемдік ауқымдағы саясаткерлердің және қоғам қайраткерлерінің қатысуы Қазақстанның абыройы мен беделін арттырады, өзге мемлекеттермен арадағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.