Атақтары мен марапаттары

Ғылыми дәрежелері

Ресми лауазымы мен қызметінен басқа, Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар ғылыми дәрежелер мен атақтарға ие.

Президенттің өмірде елеулі табыстарға жетуіне білімге деген табиғи құштарлығы, жаңа білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген ұдайы ұмтылысы көмектесті. Өзінің бай тәжірибесіне сәйкес, бүгінде Мемлекет басшысы Қазақстанда білімді дамытуға мейлінше көңіл бөледі. Жыл сайын бұл салаға бюджеттен едәуір көлемде қаражат бөлінеді. Біздің елімізде жаңа заманауи мектептер, соның ішінде дарынды балаларға арналған мектептер, ең озық жабдықтармен жабдықталған әлемдік деңгейдегі университеттер ашылуда.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қайда болса да, республика көлемінде немесе шетелдік сапарда болсын, жоғары оқу орындарының студенттерімен ұдайы кездесулер өткізеді, дәрістер оқып, өзінің білімі мен тәжірибесін жастармен бөліседі.


Ғылыми дәреже және атақтары