Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
18.06Бұл күні:
2006

Халық таңдаған Президент

Экономикалық даму

Соңғы жылдар ішінде Қазақстан барлық экономикалық көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім көрсетіп келеді. 2011 жылы елдің ішкі жалпы өнімі (ІЖӨ) 7,5%-ға артты. Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес, жаңа, ең озық өндірістер ашылуда. Экономикамыз елдің және оның азаматтарының өсіп-өркендеуі үшін дамытылуда. Әрбір жобаның, әрбір экономикалық өсімнің сандық көрсеткішінің артында әр дербес отбасының молшылығы, еліміздің барлық азаматтарының бақуатты өмірі тұр.  

Жаңа кәсіпорындар мен зауыттардың іске қосылуы жаңа жұмыс орындарын ашады. Өндірістің өсуі бюджетке салық түсімдерінің көбеюіне себепші болады. Ал бұл жаңа балабақшалар, мектептер салуға,  денсаулық сақтау нысандары үшін заманауи техника алуға мүмкіндік туғызады. Экономикалық табыстар арқасында барлық қазақстандықтар медициналық көмектің кепілдендірілген көлемімен қамтылған. Ең күрделі, соның ішінде жүрекке жасалатын оталар біздің республикада тегін жасалады, ал олардың бірқатар еуропалық елдердегі құны бұл кезде бірнеше жүздеген мың евроға дейін жетеді. Бюджеттік сала еңбеккерлерінің еңбекақы көлемі соңғы 3 жыл ішінде екі есе көбейтілді. Тұрақтылық қазақстандықтарға микронесиелер алуға, өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр.

Елдің барлық экономикалық жетістіктері Қазақстанның барлық тұрғындарының игілігіне қызмет етуде.