Дәйексөздері

Адамзаттың арманы — рухани бостандық пен сөз еркіндігі.
Адам мен оның өмір сүру құқығы, бостандығы — қоғам дамуының басты басымдығы.
Көзсіз көнтерілік те, ессіз күстаналық та — бірдей қауіпті.
... соғыс ең басты құндылықты — адамның өмірін үзіп түседі. Ал өмірден артық ештеңе жоқ.
Ұлттық идея — идеология жәдігөй­лерінің ашқан жаңалығы емес, миллион­даған адамдардың өздерінің ұлттық міндеттерін түсінуінің жемісі болып табылады.
Сын сағатта елдігіміз де, ерлігіміз де бойымыздан табылуға тиіс.
Кез келген, тіпті ең керемет деген идеялардың өзі, егер оларды жүзеге асыру үшін адам қанын, көз жасы мен тақсіретін талап етсе, көк тиындық құны болмайды.
Менің ойымша, ең жақсы идеоло­гия — өмірдің өзінен туындайтын идеология.
Шығыстың саяси мүдделері көбіне-көп дәстүршіл топтардың қолдауына арқа сүйейді.
Саяси элита жалпыұлттық мүдделерді білдіру, оны барынша дәл сәулелендіру, сөйтіп халықтың өзін-өзі танып, бағалау дәрежесін көтеру қабілетімен емес, сол мүдделерді жүзеге асырудың жолын табу қабілетімен де дараланып тұруға тиіс.
Қоғамдық дамудың өзіндік ішкі заңдылықтары бар. Экономикада ертеңгі істі бүгін атқарып тастауға болар, бірақ саясатта ертеңгі істің ертең атқарылғаны жөн.
Бір кезде біреулердің еркінің қолжау­лығы болған едік, енді тағы біреулердің пікірінің қолжаулығына айналмасақ екен!
Билік үшін күрестегі батылдық пен билік басындағы батылдық екі басқа.
Асықсақ, асығайық, алайда аптықпайық. Бәрі де жөнімен жүрсін.
Ұлттық идеяны ұлттық астамшылық идеясына айналдыру ешбір этносқа да опа берген емес.
Бойымыз да, ойымыз да азат болсын.
Әскери қақтығыстардың жосықсыз екенін әлемнің ұғынғанына зор сенім артсақ та, парасатты мемлекет басқа үкіметтердің уәдесіне сеніп қана қоймай, өз елінің қуатына да сүйенетінін ұмыт­пағанымыз жөн.
Көпұлттылық — қоғамның кемшілігі емес, артықшылығы.
Адам баласы қай жерде жүрсе де өмір­ге шыр етіп түсіп, ана әлдиін естіген­нен бастап, өзін — қазақпын, орыспын, украинмын, өзбекпін деп сезінеді. Адам бойындағы бұл сезімді қандай аса зор идеологиялық қарумен атқыласаң да, шапқыласаң да құртып жібере алмайсың.
Бүкіл кеңестік тарих қолында халық­тардың құқын таптау мен тікелей геноцид қаны бар.
Саяси сұрқияларды адамның көз жасы да, кінәсіз құрбандықтар да тоқтата алмайды.
Біз тұрмыстағы ұлтшылдықты, чиновниктiк мейірімсіздікті, бұқаралық ақпарат құралдарындағы ойланбай жарияланған мақалаларды назардан тыс қалдырмауға тиіспіз. Бұл жеке-жеке оқиғалар болып көрінер, бірақ ол ауыр зардаптарға да әкеліп соғуы мүмкін.
Ұлт мәселесін шешудің әмбебап әдістері болмайды.
Өз қатеңді өзің түсініп, өзің түзете біл: саясатшы даналығы дегеніміз — осы.
Мемлекет, қоғам, ұлт деңгейінде пайымдайтын зиялыларымыз — біздің баға жетпес байлығымыз, сарқылмас қазынамыз
Ұлыстың ұлы күні — көңілде кірбің қалмай қауышатын, түсіністікпен табысатын күн.
Наурыз — Жыл басы ғана емес, береке-бірліктің, ізгілік пен татулықтың, қайырым­дылық пен кешірімділіктің, бауырмал­дық­тың мерекесі.
Уақыттың бір қасиеті — сенбесті иландырады, көнбесті ырқына алады.
Кеше әлі ерте болған, ал ертең кеш болып қалуы мүмкін сәттер болады.
Кейде бүгінгі мүмкіндіктердің ертең қатерге айналуы немесе керісінше болып шығуы да әбден мүмкін.
Оңалту үшін кейде оташылық тәсілді де қолдануға тура келеді.
Иә, бүгін бәріміз де қиындықтар салмағын сезінудеміз, бірақ қиындықсыз кезең болған ба: тарихтың парағы — кітаптың парағы емес қой?!
Идеялық бағдарламалар догмаларға емес, өмір шындығына негізделгені маңызды.
Дүние жаѕандық, өзара тәуелділік сипат алды: жаѕандық әріптестік үстемдік ету үшін бұл таным біздің берік принципі­мізге айналуы тиіс.
Мемлекеттік идеологияның бізге аса қажет бір ірі бұтағы, қомақты тармағы — халықты, ұрпақты патриотизмге, отан­шылдық рухқа, елді, жерді сүюге, қорғауға жұмылдыру.
Әлсіздің өзіне одақтас болатын күштіні таңдамайтыны ақиқат, ал өзінен күштіге бағынуға мәжбүр болатынын аңдамай­тыны өкінішті.
Байсалды саясаткер «өзімнің іс-әрекетім баспасөз бетінде нашар баға алып қалуы мүмкін-ау» деген қауіп-қатерден қорықпауға тиіс.
Реформаларды жақтайтындардың қатарын жаппай көбейту —экономикалық қана емес, идеологиялық та міндет. Бізге қазір жартылай социалистік ұрандардың басын оңды-солды қоса салған қойыртпақ емес, реформашылық идеология керек.
Жол іздеп табар берік білік, терең танымың болмаса — адасуың түк емес.
Кез келген реформа тек күшті өкімет пен көсемдердің саяси еркі арқылы және халықтың барлық топтары қайта құрудың мәнін түсінумен қабылдаған кезде ғана мақсатқа жете алады.
Ең басты міндет — қайталап айтамын, халықтың рухын көтеру. Өзіне деген сенімін арттыру.
Зиялылар бірлігі — ел бірлігі.
Ұлылар қашанда халықты рухани асылдандырып отырған.
Ақынның, шешеннің данагөй сөзі халық үшін қашанда қастерлі, қашанда қасиетті.
Ұлылардың ұлағатын ұмытпау — ел боламыз деген халықтың тарих алдын­дағы парызы
Иә, қай кезде де ұлыны ұлы түсініп, бағалаған!
Зиялылар — қай заманда да өмір сыры мен сынын жан-жүрегімен бағам­дап, толғай білген, халқының келе­шек­тегі тағдырын зерек көңілімен болжай білген жандар.
Ұлтымыздың зиялылары — халқы­мыздың қиядағыны шалатын қырағы жанары, қоғамымыздың әділ қазысы.
Нағыз отаншылдықтың басты өлшемі де біздің зиялыларымыздың адалдығы мен әділдігінде, елі мен халқының алдындағы парызын терең түсінуінде.
Зиялылардың саясаткерлер қолын­дағы ойыншыққа айналуға хақысы жоқ. Зиялылар саясаткерлерге қарағанда анағұрлым арғы келешекті болжауы керек.
Тұрақтылық саяси мәселелерді шешу­дің күшке негізделмеген тәсілдеріне сүйенгенде ғана сақталмақ.
...жалғыз жер байлығына сеніп қалуға болмайды. Ең алдымен, ел байлығына сену керек. Ел байлығы деген не? Ол — білім, ол — жаңа технология, ол — осы заманғы инфрақұрылым, ол — бәрінен бұрын отаншылдық сезім, қазақстандық патриотизм.
Саясаттың негізгі мақсаты — адам қамы, қоғам қамы, ел қамы.
Саясат безбеншісі — ел.
Саяси мұрат пен саяси ақиқаттың орнын алмастыру әлі бұғанасы бекіп, қабырғасы қата қоймаған жас мемлекет­тің шаңырағын шайқалтар шатқалаңдарға ұрындыруы мүмкін.
Өзгелердің тек қатесінен ғана емес, жетістіктерінен де үйренген жөн.
Біз өзіміздің арғы, бергі ата-баба­ларымыздың жүздеген буынының қал­дырған өсиетін ақтап, мұраларын сақтап, молайта беру жолында топтасуға тиіспіз.
Әлеуетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Не істесек те, ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік. Ұшпа сезімге ерік бермейік.
Нақақ көз жасы мен нақақ төгілген қан ешқашан да ұмытылуға тиіс емес.
Қауесет деген қара күйе сияқты: күйдірмейді, күйелейді.
Проблеманы анық көре білу қажет, одан түйеқұс секілді «құтылуға» болмайды.
Жұмыс істемесең, қателік те жасамай­сың. Жұмыс барысында өмір болған соң, кемшілік болмай тұрмайды.
... жай жүрсең — қасірет қуып жетеді, асықсаң — қасіретті қуып жетуің мүмкін.
Теңізде дауыл тұрғанда, түбіндегі қоқыстың бәрі судың бетіне шыға келеді.
Ақыл табылмай тұрып, ештеңе де табылмайды.
Терроризммен күреске елігіп, елдер мен халықтарды «тас ғасырына» қуып тығу арқылы біз «терроризм» ұғымын келмеске кетірудің орнына, тек қана жандандыратын боламыз.
Тарихтың соншама бай, сан қырлы болып келетіні сияқты, танымның жолы да сан тарау.
Намыссыз азамат өзгелер түгілі өзінің көсегесін де көгерте алмайды.
Бақыт — бағасын білгеннің ғана басында тұрады.