Дәйексөздері

Адам атына лайықты өмір сүрудің, дәулетті тұрудың мына заманда нарық­тан басқа жолы жоқ. Өйткені ол адамды өзін-өзі қамшылауға, жанын жеп жан­таласуға мәжбүр ететін, сөйтіп оның бойынан тың қуат табуға итермелейтін жол.
Кәсіпкерлік — азаматтық қоғамның тірегі, тұрақтылықтың кепілі.
Қазір ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамның өзі шалқы­ған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.
Адам мәңгі жасамайды, мәңгі жасай­тын — оның ісі.
Адамның әр ісі — жасаған барлық жақсылығы мен жамандығы —кейінгі ұрпақтар тарапынан әділ бағасын алмай қоймайды.
Экономикалық бостандықсыз саяси бостандық та болмайды.
Мен әлдебір әдемі қисындардан гөрі ақылға қонымды қарапайым істерді артық санаймын.
Бізге ұлттық буржуазия керек. Ұлттың қалталы адамдары қалыптаспайынша, көп істің қиюы келмейді. Ұлттық буржуазия пайда болса, мемлекет мүддесін ойлайтын адамдар көбейер еді.
Адамдарға ақыл-парасат өз өмірін жақсарту үшін берілген.
Еңбек ет, өзіңді, отбасыңды асыра, бала-шағаңның қамын ойла: өзіңе де жақсы, үкіметке де жақсы.
Ұмтылсаң — ұтарсың.
Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқын­далады.
Жоспардан өмірдің өзі батыл екенін тәжірибеміз көрсетіп отыр.

Ендігі жерде біз тізімнің соңында қалғымыз келмейді.

Алға кеткен әлемдік өркениет көшінің шаңын жұтқымыз келмейді. Ал бұл үшін бәріміз өз күш-қуатымызды, халқымыз­дың бойындағы барлық парасат пен зият күшін бір жұдырыққа жұмылдырып, оның күллі әлеуетін барынша пайда­лануымыз қажет.


Реформа бір күнде жүзеге аспайды. Саяси-әлеуметтік жағдайларға сай әр істің өзінің уақыты, кезеңі болады.
Экономика ғылымға арқа сүйемейінше бәсекеге қабілетті бола алмайды.
Егер экономика нарықтық болмаса, ол тоқырауға тіреледі.
Қай қоғамда да адам өз еңбегімен қадірлі.
Тапқаныңды ғана тарата аласың, қолыңда барыңды ғана бөліске саласың.
Экономикалық дәулетіміз артпайынша, рухани сәулетіміз де артпайтынын анық ұғынуымыз қажет.
Адамдар елдің өмірі қалай өзгеріп жатқанын өздерінің тұрмыс-тіршілігінен байқайды.
Нарық — ебі жоқтың ғана еншісін алып, құтын қашырады, ал алғырдың, амалшыл адамның несібесін асырады.
Ат төбеліндей ауқаттылар тобы қалың кедейлер тобынан тым шырқап, оқшау­ланып кеткен қоғам гүлденіп дамымақ түгіл, өмір сүрудің өзіне қабілетсіз болып шығады.
Сен үшін шенеунік шешім қабыл­дайтын қоғам — келмеске кеткен қоғам.
Әркім өзінің игілігіне еңбек етсін, сонда мемлекеттің де игілігі артады.
Нарық деген сол — жарысу, жағаласу, бәсекелесу, таласу, тартысу.
Нарық жағдайында фирмалардың, компаниялардың, холдингтердің бәсеке­лесетіні сияқты, әлемде мемлекеттер де бәсекелесіп жатады.
Мемлекеттің бәсекелестікке қабілетін көрсететін басты нәрсе —экономикасы.
Мемлекет деген, ең алдымен, адамдар. Мемлекет бәсекеге қабілетті болуы үшін, адамдар, яғни бүкіл ұлт бәсекеге қабілетті болуы керек. Ол үшін әрбір адам өзін-өзі қамшылауы тиіс.