Дәйексөздері

Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтан тұтамын. Басымды иемін!


Кез келген халыққа бәрінен бұрын асқақ рух керек.


Садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің мүддең жолында бойдағы қуат, ойдағы нәрдің бәрін сарп етуге бейілмін.


Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай білетін төзімділігіне қайран қаламын. Мәңгіліктің қатыгез тасқыны біржолата мүжіп, біржолата үгіп, біржолата шайып әкететіндей талай қилы кезең тұсында қиналса да, аман қала алыпты.


Ең бастысы, тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар. Ел дегенде, жер дегенде — білегін сыбанып, іске дайын тұрған азаматтарымыз бар. Сан ғасырлар бойы талай теперішті көрсе де, жайсаң жанын, әсем әнін, күмбір күйін, әдемі әдет-ғұрпын, таза тілін сақта­ған ұлтымыз бар. Міне, біздің басты байлығымыз — осы.


Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын.


Мемлекетіміздің діңгегі — қазақ халқы. Ел де, жер де — қазақтікі. Ел болудың ұяты да біздің жұрттың мойнында.


Менің бірден-бір қалауым, менің үмітім, егер қаласаңыздар, арманым — шамамның келгенінше, Қазақстан халқының өзін жан-жақты дамытуы үшін қалыпты, шынайы өркениетті жағдай жасауға жәрдемдесу.


Қазақ та енді үлкен ұлтқа тән төзім мен сабырлы мінез көрсетуі керек.


Рухы еркін халық қана ұлы істерді атқара алады.


Ежелден рух еркіндігін ерекше қастер тұтқан халқымыздың асыл дәстүрлерін жаңа заманға жарасымды жалғастыруы­мыз қажет.


Біз кешегісі тұлдыр, болашағы бұлдыр халық емеспіз.


Қазақтың ұлттық рухы оның ерлігінде жатыр.


Өткен жолын жетік білетін қауым алар асуларын да айқын елестете алады.


Бабаларын қалтқысыз қастерлей білген халық балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақ.


Қазақ баласының мызғымас та мұқалмас ерлік дәстүрінің тамыры тереңде жатыр.


Қабырғалы халқы болмаса, қандай басшының да тауы шағылмай, тауаны қайтпай қоймайды.


Ұлтымыздың өз тамырынан қол үзбей, оған балта шаппай әрі қарай өсіп-өркендеуіне жағдай жасау — ең үлкен міндеттердің бірі. Нарық қазақтардың ұлттық болмысын бұзбайды, керісінше, оны жаңаша жетілдіре түседі.


Өз халқын сүйген адам ғана оның тағдыры үшін күйе алады.


Халықтың сенімін ақтаудан артық абырой жоқ, болуы да мүмкін емес.


Кез келген мемлекеттің қуаты — халқында.


ХХI ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыр болатынына сенемін.


Қазақты Құдай шыдамынан ажырат­пасын.


Еліміздің басты байлығы, ең қастерлі қазынасы жердің астында да емес, үстінде де емес — адамдарымыздың жүрегінде.


Тарихты тудырушы да, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастау- бұлағы да — халықтың өзі.


Ежелден құт-береке дарыған халқы­мыздың дарқан көңілі ешқашан ортайған емес.


Халықтар арасындағы келісім мен достықтың алтын тамыры қазақтарға тән асыл қасиеттерде жатыр.


Қазақ халқы жиырмасыншы ғасырдың бүкіл өн бойында өзге халықтар түсінде көрсе шошып оянардай қасіретті оқиғаларды бастан кешірді. Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай алатын қайратына қайран қаламын.


Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәттерде бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқа­сында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды.


Өзін-өзі сақтап қала алған халық, өте талантты халық.


Рухы еркін халық қана ұлы істерді атқара алады.


Қазақ баласының мызғымас та мұқалмас ерлік дәстүрінің тамыры тереңде жатыр.


Өліге де, тіріге де бар жанымен беріліп, қызмет көрсететін мұндай халық: ер мінезді, ақ көңілді, қолы да ашық халық дүние жүзінен табыла қояр ма екен?!


Біз — қашанда өткенге салауат айтып, жарқын болашақтан жақсы үміт күткен халықпыз.


Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыт­ты — толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың басында болу бақытын бұйырт­қан халыққа қызмет етуден артық еш­теңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай тәуе­кел­ге де барамын.


Мен жеткен жеңістерім мен алған асуларымды, ең әуелі туған халқыммен байланыстыруға дағдыланған адаммын. Сондықтан болар, қиналсам да, қуансам да бар-жоғымның сыншысы, ар-намысымның өлшемі тек халқым болсын деп ойлаймын.


Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұлан-ғайыр жер берген, асты-үстін толтырып кен берген, мейірбан, ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген.


Мен осы халықтың қаны мен жанынан жаралған перзентпін, сондықтан да қиын кезеңде өз мойныма түскен ауыр жүкті мойымай көтеруге міндеттімін.


Маған тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтемін!


Ұлттың ұлы болмай тұрып, адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес!


Біз қандай қиын-қыстау сындарда да өзіміздің жауынгерлік даңқымызға дақ түсірмеген халықпыз.