Дәйексөздері

Өзіндік төл мәдениетін құрған бірегей көшпелі өркениет бүгінгі күні әлемдік өркениеттер Олимпінен заңды түрдегі орнын иеленіп отыр.


Еуразияның ең бір бай да бірегей мәдениеті — қазақ мәдениеті.


Интеллигенция — ұлттық мүдденің шын жоқшысына айналған әлеуметтік топ.


Шынайы ұлттық сана жоқ жерде ұлттар мен өзге ұлттық мәдениеттерді шынайы құрметтеу де мүмкін емес.


Мәдениет деген ұғым аясында адам онсыз өмір сүре алмайтын аса нәзік құбылыстар тоғысқан.


Мәдениет, ең алдымен, жәдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші — зиялы қауым.


Ғылым әлемдегі жаңалық атаулының бәріне ашық та зерек болуға тиіс.


Кез келген мәдениеттің, кез келген өркениет пен дүниетанымның өмір сүруге және өзіне қастерлі көзқарас болуына деген заңды құқығы бар. Бұл — адамзат тарихының барысы айқындаған болмыс. Онымен санасу керек.


Біз әлемдік мәдени құндылықтармен үндес жаңа заманғы қазақтың озық мәдениетін қалыптастыруымыз керек.


Рухани құндылық, биік адамгершілік жоқ жерде үлкен өркениет орнату мүмкін емес.


Талант — Жаратқанның сыйы ғана емес, сонымен бірге өзінің алдындағы, қоғам мен Отан алдындағы жоғары жауапкершілік те.


Жаңа құндылықтар жастардың жүрегіне тезірек жол табады.


Дүние байлық пен жан байлығы сәйкес келгенде ғана бүкіл адамзат мұрат еткен саналы қоғам құруға болады.


Өнерін сүйген, өнерпазын мәпелеген елдің қашанда мәртебесі жоғары.


Бар өнерін бармақтың басына, тілдің ұшына қондырған халқымыздың көп шежіресі, көнекөз естелігі осы әні мен күйінде, жыр-толғауында жатыр.


Ұлы өнерде шектеу де, шекара да жоқ.


Таласа жүріп танылуымыз, қаржыса жүріп шыңдалуымыз қажет.


Ең бастысы — той тойлау емес, ең бастысы — ой ойлау.


Алға қарайтын кез келді. Iске кірісер кез келді. Ерік-жігерімізді танытатын кез келді. Өмірді өзгертетін кез келді.


Өз алдымызда, болашақ ұрпақтың алдында адал болайық, уақыт пен ел тағдыры үшін жауапкершілігімізді ұмыт­пайық!


Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игіліктерді сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекеттігімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр.


Адам уақытқа өкпе артпауы керек. Рас, уақыт қиын. Бірақ уақытты таңдамайды, онда өмір сүреді.


Басыңдағы бақытты бағалай алу үшін оның қадір-қасиетін толық танып-білуің қажет.


Айқайшыл күшіңмен емес, игілікті ісіңмен таныл.


Ең бастысы — адам факторы: оның еркі, күш-жігері, табандылығы мен білімі. Өркендеп даму мен тәуелсіздікке аттар табалдырықтың алтын кілтін де осы шамадан іздеген жөн.


Жаѕандық тәжірибенің күнгейінен ғана емес, көлеңкесінен де тағылым алу керек.


Біз елеулі түрде артта қалып қойдық, сондықтан асығуға тиіспіз. Біз мейлінше ширығып, әлемді қуып жетуге мәжбүрміз.


Ештеңе де өзінен-өзі аспаннан аяғы салбырап түсе қалмайды. Өсу, тұрақты даму жағдайына жету үшін де белгілі бір кезеңдерден өту қажет. Оларды ешқашан да аттап кете алмайсың.


ХХI ғасыр мәдениеттің, ғылым мен ақыл-ой бәсекесінің ғасыры болмақ.


Материалдық игіліктермен ешқандай байланыспайтын руханият, адамгершілік деген даусыз ұлы құндылықтар бар. Олар адам үшін әрдайым басым және негіз қалаушы болып қалады.


Мемлекеттік шекара — тәуелсіздіктің басты белгілерінің бірі. Ел мен елді табыстыратын да — шекара, тартыс­тыратын да — шекара. Достық та осы жерде көрінеді, қастық та осы жерде көрінеді. Ел жақындығы болмаса, жер жақындығының жақсылығынан гөрі жамандығы басым түспек.


2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады. Олардың Қазақстаны Еуразияның орталығы бола отырып, жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың — Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы эконо­мика мен мәдениетті байланыс­тырушы буын рөлін атқаратын болады.


Қараңыздаршы: бір шеті Алатау, енді бір қиыры Алтай, тағы бір шеті Атырау сияқты қазақтың үш қиянынан табылған үш «Алтын адам» бір ғана мәдениеттің — біздің бабаларымыздың қолынан жасал­ған мәдениеттің үлесіне тиеді екен. Бүгінгі жас ұрпақты ұлт мәдениетін ұлықтау рухында тәрбиелеу үшін бұдан басқа қандай дәлел керек.


Бүгінгі қазақ — ұлттық сана деңгейіне көтерілген қазақ.


Тарихи сенімділік — біздің ұлы тірегіміз.


Дініміз тәркі, тіліміз ғаріп, мәдениетіміз мүшкіл, өзіміз мүскін халге ұшырадық. Мұндай жағдайда ел намысының қозбауы, ер ашуына мінбеуі мүмкін емес еді.

...Зеңбіректі әскерге найзамен қарсы шапқан көзсіз ерлерді халық әлі күнге ән-жырға қосып, аяулы аттарын ардақ тұтып келеді. Ардақ тұта береді!


Міне, тәуелсіздік таңы атты. Азат ел атандық. Дегенмен атымыз да азат, затымыз да азат болуы үшін әлі де талай шаруа атқаруға тура келеді. Бұл — қайырлы сапар, қасиетті жол. Ол жолдан біз таймаймыз!


Қазақтың халық мақалы: «Шапшаң жүргенге шаң жұқпас» дейді. Сондық­тан да бізге — уақыт төреші. Мұратына жүрген жетеді.