Дәйексөздері

Ендігі жерде біз бәріміз бір атаның — қазақ халқының ұлымыз. Ендігі жерде бәріміздің туған жеріміз біреу — ол жалпақ қазақ даласы.
Өз халқын сүйетін адам, өз жұртына жақсылық тілеген кісі өзге халықтарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды.
Жұлдыздың жаманы Айды күндейді.
Отбасында екеу келіспесе — шаңырақ шайқалады, екі басшы келіспесе — компания күйрейді, ал ел ішінде, ұлт пен ұлыс арасында жанжал шықса —мемлекет құлайды.
Еңсесі биік елдікке есі кеткен ғана топырақ шашады.
Қазақстандағы ұлтаралық жарастық­тың негізгі ұйытқысы болу міндетін алдымен осы атамекеннің иесі — қазақ халқы өз мойнына алуы керек.
Атырау мен Алтайдың арасындағы алып даланы жайлап жатқанда, мемлекет­тің реттеуші тетіктері іске қосылмай тұрған кездің өзінде, ешқашан да, еш жерде де қазақта тайпа мен тайпа тұрмақ, ру мен ру соғысып көрмеген!
Ордабасы биігінде бар қазақтың басын қосып, тірі қалу үшін ірі болу керектігін, ірі болу үшін бір болу керектігін ұрпақтан ұрпаққа ұқтырып кеткен үш ұлы биіміз — Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би — алдымен қазақтың бар баласының азаттықты мұрат тұтуын қамдаған.
Жаулықтың ең үлкені, ең қиыны — ынтымақ үшін ымыраға бара алмау.
Тайталасу жолы орасан зор сілкініске және сан мыңдаған адам құрбандығына әкеліп соғады.
Біз келісім саясаты мен парасатты ұлттық стратегиясыз ешқандай міндеттерді шеше алмаймыз.
Жаңа қоғамға өтудің, қуатты мемлекет құрудың негізгі тетігі — саяси тұрақтылық.
Кіммен дос болу, кіммен жақындасу, кімнен өзіңді алысырақ ұстау — ұлтты сақтаудың кепілі.
Қазақ халқының ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекетіміздің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес.
Қазақтың бәрі де бір-біріне ағайын.
Ел бірлігі — ең асыл қасиет.
Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен, өзімізге — қазақтарға керек.
Бірлік — біздің қасиетті туымыз.

Үдеудің сыры — бірлікте,

Жүдеудің сыры — алауыздықта


Бірлігі жақсының тірлігі тапшы болмайды.
Бізді біріктіретін жеке бастың қамы емес, бізді ел туралы биік ұғымдар, ортақ мүдделер ғана біріктіре алады.
Көршілік хақысы мүдделерді бірік­тір­мей қоймайды.
Бақ та, тақ та таласқанға бұйырмайды, халықтық істе жарасқанға бұйырады.
Біздің бабаларымыз тірі болуы үшін бір болған, біз ірі болу үшін бір болуымыз керек.
Ортақ мүдде ортақ жетістiктерге жігер­лендіруге тиіс. Бүгінде Орталық Азияда қоян-қолтық жатқан бауырлас елдердің бәрінің мүддесі біреу — ғасырлап күтіп, әзер қолы жеткен азаттықтан айырылып қалмау. Ол үшін ішкі татулықты да, сыртқы татулықты да көздің қарашы­ғындай сақтай білу керек.
Тек бірлесіп қана, бүкіл халықтың күш-жігерін біріктіріп қана біз алға баса аламыз.
Тұрақтылықсыз баршаның бақуатты болмасын халқымыз жақсы түсінеді. Біздің халықтың кемел даналығы да осында.
Егерде халықтың бірлігі болмаса, отансүйгіштік жанқиярлығы болмаса, бұл жер, қазақ деген халық, Қазақстан деген тәуелсіз ел де болмас еді.
Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынты­мағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ.
Ел бірлігі — ең асыл қасиет.
Адам мен адамды, халық пен халықты, ел мен елді жақындастырар ең берік дәнекер — мүдде бірлігі.
Жүзге, руға бөлушілік — қоғамды артқа тартатын, ұлт тұтастығына нұқсан келтіретін нәрсе.
Ауызбіршілік жоқ жерде ешқашан да ұлттық идеялар жүзеге асқан емес.
Қазақты еш уақытта сырттан жау алған емес, ала алған емес, қазақ әлсіресе — алауыз­дықтан әлсіреген, күшейсе — бірліктен күшейген.
Елдік тұтастыққа жік түсіретін, ағайын арасын суытатын қадамдардан аулақ болайық.
Қазақ өзімен-өзі тату болмай, өзгемен ешқашан тату бола алмайды.
Біз Ордабасыны бабаларымыздың бастамасымен баян тапқан берекелі бірліктің құт ұясы деп білеміз.
Бабаларымыз өзгелердің төріне шығу үшін өзі де меймандарына қақ төрінен орын беріп, құрмет көрсеткен.